02.10.2012, 14:20 3091

"ҚазМұнайГаз" ҰК МӨЗ жаңғыртуға 6 млрд АҚШ долларынан астам қаржы жұмсамақ

Белгілі болғанындай, аталған жаңғырту жұмыстарына 6 млрд. теңге қажет.

Астана. 2-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары 2013-2015 жылдары жаңғыртылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан KAZENERGY VII Еуразиялық форумы барысында "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Қиынов мәлім етті.

Белгілі болғанындай, аталған жаңғырту жұмыстарына 6 млрд. теңге қажет.

Оның сөзіне қарағанда, мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту жобаларын жүзеге асыру өз кезегінде мұнайды өңдеудің көлемі мен тереңдігін арттыруға, оның ішінде ашық түсті мұнай өнімдері өндірісін жоғарылатуға, сондай-ақ бензин мен дизель отыны сапасының артуына мүмкіндік бермек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны