19.01.2012, 16:53 3624

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы шағын бизнеспен айналысатын компаниялармен құны 78 млрд. теңге көлемінде келісім-шарт жасасқан

"Біз сонымен қатар шетелдік әріптестермен бірлесіп, жаңа өндірістер ашуда. Ал ұлттық компанияның ұзақмерзімді келісім-шарттарының негізінде шағын және орта бизнес жаңа өндірістер аша бастады. Нәтижесінде елде ашылып жатқан жаңа жұмыс орындары да еселеп арта түсуде. Сонымен қатар бізде қазір жергілікті қамтуды дамытуға бағытталған бағдарламалық құжаттар да бар",-дейді М.Мырзағалиев.

Астана. 19-қаңтар. Kazakhstan Today - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы шағын бизнеспен айналысатын компаниялармен құны 78 млрд. теңге көлемінде келісім-шарт жасасқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры Мағзұм Мырзағалиев, жергілікті қамту көлемін арттырудағы норвегиялық тәжірибені зерттеуге арналған "Жергілікті қамтуды дамыту, халықаралық тәжірибе" атты семинар барысында мәлім етті.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ұлттық жергілікті қамтуды дамыту үшін сатып алу шараларын барынша, ашық әрі жариялы жүзеге асыруда.

"Біз сонымен қатар шетелдік әріптестермен бірлесіп, жаңа өндірістер ашуда. Ал ұлттық компанияның ұзақмерзімді келісім-шарттарының негізінде шағын және орта бизнес жаңа өндірістер аша бастады. Нәтижесінде елде ашылып жатқан жаңа жұмыс орындары да еселеп арта түсуде. Сонымен қатар бізде қазір жергілікті қамтуды дамытуға бағытталған бағдарламалық құжаттар да бар",-дейді М.Мырзағалиев.

Оның деректерінше, 1998 жылы осы бағдарламалар енді ғана қолға алына бастаған кезде, ұлттық компанияда Қазақстанда шығарылатын машинақұрылысы саласының небәрі 21 түрі бар болған болса, бүгінде бұл көрсеткіш 360-қа дейін жетті. "Біз сонымен қатар 2012-2016 жылдарды қамтитын тауарлардың каталогтары бар және олар ұлттық компанияның веб-сайтында тұр. Бұл кез келген қазақстандық компания өкілдеріне елден қандай тауарлардың импортталып жатқанын және осы көрсеткіштер арқылы бизнесті дамытудың қандай мүмкіндіктері бар екендігін көріп отыруға мүмкіндік береді. Осы бағдарламалар бойынша біз 2015 жылы Қазақстанда шығарылатын мұнай, газ құрылғылары 23 пайызға жетеді деген ойдамыз. Біз сонымен қатар ұлттық компания алдына үкімет қойып отырған міндеттерді де талапқа сай атқарамыз деген ойдамын",-деді Басқарушы директор.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны