07.09.2007, 15:01 2720

"ҚазМұнайГаздағылардың" пайымдауынша, Каспийдегі жүк тасымалының тиімділігін тек ірі тоннажды кемелердің көмегімен ғана қамтамасыз етуге болады

"ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ Каспийдегі жүк тасымалының тиімділігін тек ірі тоннажды кемелердің көмегімен ғана қамтамасыз етуге болады деп санайды, деп мәлімдеді ҚазМұнайГаздың атқарушы директоры Арман Дарбаев.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 7 қыркүйек. АСТАНА. "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ Каспийдегі жүк тасымалының тиімділігін тек ірі тоннажды кемелердің көмегімен ғана қамтамасыз етуге болады деп санайды, деп мәлімдеді ҚазМұнайГаздың атқарушы директоры Арман Дарбаев.

"ҚазМұнайГаздың алдында тек тасымалды ғана қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге жүкті жіберушілер үшін көмірсутегі шикізатының өз құнын да сақтап қалу міндеті тұр. Қазақстанның мүддесі тиімді әрі арзан тасымалдау бағыттары бюджетке түсетін кірісті ұлғайта түседі дегенге саяды. Каспий арқылы жүзеге асырылатын тасымалдың тиімділігін қуаты 60 мың тонналық ірі тоннажды кемелердің көмегімен ғана қамтамасыз етуге болады",- деді бүгін Астанада ІІ Еуразиялық энергетикалық форумда сөз сөйлеген А.Дарбаев.

"Бұл көзқарасты тек біз ғана емес, біздің көршілеріміз де қолдап отыр, өйткені, бұл жерде мәселе тек тасымалдың экономикалық тиімділігінде ғана емес, сонымен бірге, жоғары экологиялық стандарттарға сәйкес олардың қауіпсіздігіне де қатысты", - деді компания өкілі.

"Сол себепті біз ірі тоннажды кемелерді пайдалану мәселесін біз Каспийді қоршай орналасқан мемлекеттермен келіссөздерде дәйекті көтеретін боламыз және мен алдағы уақытта теңіздегі ауқымды тасымалдар дәл осындай ірі тоннажды кемелермен жүзеге асырылады деп сенемін", - деді А. Дарбаев.

А. Дарбаевтың айтуынша, ірі тоннажды кемелерге Құрық айлағында қызмет көрсетілетін болады. "Онда танкерлерді толтыру үшін көшпелі причал қондырғылары пайдаланылады, және олар дәл осындай ірі тоннажды кемелермен тасымалдау үшін пайдаланылады", - деді ол. Осындай айлақ Бакуге жақын жерде де салынады. "Бұның бәрі мұнай тасымалдаудың Транскаспийлік жүйесін қалыптастырады ", - деді "ҚазМұнайГаз" өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны