25.12.2012, 12:08 2841

"ҚазМұнайГаздың" 11 айдағы таза табысы 430 млрд теңгені құраған

Бұл туралы бүгін компанияның қызметі мен дамуы туралы айтылған брифинг барысында "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның басқарушы директоры Мәлік Сәлімгереев мәлім етті.

Астана. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның биылғы 11 айда есептеген таза табысы 430,8 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін компанияның қызметі мен дамуы туралы айтылған брифинг барысында "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның басқарушы директоры Мәлік Сәлімгереев мәлім етті.

"2012 жылдың 11 айында компания өндірген мұнай мен газ көлемі 19,5 млн тоннаны құраса, мұнай өңдеу 14,4 млн тоннаны құраған. 11 айдың ішіндегі компанияның жалпы кірісі 2 884,9 млрд теңгені, таза табыс 430,8 млрд теңгені құрады", - деді компанияның басқарушы директоры.

Мәлік Жаңабайұлының айтуынша, 11 ай ішінде магистраль және танкерлік флот арқылы тасымалданған мұнай көлемі 71 млн тоннаны, тасымалданған газ 97,2 млрд текше метрді құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны