12.10.2007, 17:40 2952

ҚазМұнайГаздың орталық аппаратындағы қызметкерлер саны жұмыс көлеміне сәйкес келеді - Карабалин

ҚазМұнайГаздың орталық аппаратындағы қызметкерлер саны жұмыс көлеміне сәйкес келеді.

Астана. 12-қазан. "Қазақстан Бүгін" - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ президенті Ұзақбай Карабалиннің пайымдауынша, компанияның орталық аппаратында еңбек ететін қызметкерлер саны "жұмыс көлеміне сәйкес келеді". Ол мұндай пікірін кеше Қазақстан Республикасының парламенті мәжілісінің экономикалық реформалау және аймақтық дамыту жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз кезең-кезеңмен өзіміздің құрылымдағы қызметкерлер санын тексеріп, азайтып отырамыз, бірақ бүгінде орталық аппарат жұмысына жұмылдырылған адамдардың саны компанияның атқарып отырған жұмыс көлеміне сәйкес",- деді Ұ. Карабалин депутаттардың "Самұрық" мемлекеттік холдингі басшысының ҚазМұнайГаз орталық аппаратының штатын қысқарту қажеттігі туралы пікірін түсіндіріп беруге қатысты өтініштеріне жауап ретінде.

"Бізді "Роснефть", "Лукойл" сияқты сұнай өндіруші компаниялармен жиі салыстырады (осы көрсеткіш бойынша - агенттік ескертпесі). Бұл әрине дұрыс, бірақ біздің құрылымда өндіруші саладан басқа транспорттық сала, қайта өңдеу саласы және басқа да бағыттардың бар екендігін ұмытпау керек",- деп қосты ол. "Біздің компаниямыздың жан-жақтылығы бізде осы бағыттар бойынша мамандар мен менеджерлердің толыққанды тобының болу міндеттілігіне жетелейді",- деп атап өтті ҚМГ президенті.

"Құны миллиардтаған жобалар, ақша - мемлекеттікі, біздің менеджерлеріміздің 1 пайызға қателесу ықтималдығы бірнеше миллиондаған долларды жоғалтуға әкеп соқтырады. Сондықтан да біз әрбір жобаға өте қатаң назар шоғырландыратын мамандарды ұстауға мәжбүрміз",- деп атап көрсетті ол.

"Жалпы, басқа компаниялардың, соның ішінде шетелдік компаниялардың қызметкерлерінің санымен салыстырғанда біздің орталық аппараттың қызметкерлерінің саны аз болмаса, олармен салыстырмалы түрде шамалас ",- деп қорытындылады Ұ. Карабалин. Бұрын ол, жалпы "ҚазМұнайГаз" АҚ компаниясында 32 655 адам жұмыс істейтіндігін хабарлаған болатын, олардың 409 орталық аппаратта қызмет атқарады, және де компания бойынша орташа айлық жалақы 130 мың теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны