23.12.2011, 15:51 4119

"ҚазМұнайГаздың" жаңа басшысы тағайындалды

Ұлттық "ҚазМұнайГаз" (ҚМГ) компаниясын Ләззат Қиынов басқаратын болды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ҰИҚ баспасөз қызметі хабарлаған.

Астана. 23-желтоқсан. Kazakhstan Today - "ҚазМұнайГаздың" жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ұлттық "ҚазМұнайГаз" (ҚМГ) компаниясын Ләззат Қиынов басқаратын болды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ҰИҚ баспасөз қызметі хабарлаған.

"Бүгін ҚР премьер-министрімен келісім бойынша "Самұрық-Қазына" ҰИҚ басқармасының шешімімен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Болат Ақшолақов қызметінен босатылып, оның орнына Ләззат Қиынов тағайындалды", - делінген бейсенбі күні ҰИҚ таратқан хабарда.

Бұрын ақпаратқа қанық дереккөз хабарлағандай, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" компаниясында да басшылық ауысады деп күтілуде.

"ҚМГ БӨ"-ні Алик Айдарбаев басқарады", - деп ҚазТАГ-қа бейсенбі күні дереккөз хабарлады.

62 жасар Л. Қиынов "ҚазМұнайГазды" 2004 жылдың шілдесінен 2006 жылдың сәуіріне дейін басқарды. Осы уақытқа дейін ол мұнай және газ вице-министрі қызметін атқарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны