15.01.2014, 19:16 4351

"KAZNEX INVEST" қазақстандық өндірушілерге экспорталды қаржыландыруды енгізуді ұсынуда

"Біріншіден, біз тиісті қаржылық құралдарын кеңейтіп, қазақстандық өндірушілерге экспорталды қаржыландыруды енгізуді ұсынамыз. Бұл қазақстандық өндірушілер екінші деңгейлі банктерге барып экспорттық келісім арқылы айналымға несие ала алатындай экспоттық келісім. Аталмыш құралды біз енгізетін болсақ, отандық тауар экспортын 10 пайызға дейін көбейте аламыз деп үміттенеміз", - деді М.Майкенов.

Алматы. 15 қаңтар. Kazakhstan today. Елдің тиісті қаржылық құралдарын кеңейту мен экспорттық және инвестициялық әлеуетін арттыру мақсатында "KAZNEX INVEST" Ұлттық экспорт және инвестиция агенттігі" АҚ қазақстандық өндірушілерге экспорталды қаржыландыруды енгізуді ұсынады, деп мәлімдеді бүгін баспасөз конференциясында ұлттық агенттіктің басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкен.

"Біріншіден, біз тиісті қаржылық құралдарын кеңейтіп, қазақстандық өндірушілерге экспорталды қаржыландыруды енгізуді ұсынамыз. Бұл қазақстандық өндірушілер екінші деңгейлі банктерге барып экспорттық келісім арқылы айналымға несие ала алатындай экспоттық келісім. Аталмыш құралды біз енгізетін болсақ, отандық тауар экспортын 10 пайызға дейін көбейте аламыз деп үміттенеміз", - деді М.Майкенов.

Оның айтуынша, "ҚазЭкспортГарант" АҚ капиталдандыру керек болуы мүмкін. Қазіргі кезде шығынды жабу көлемі шамамен 0,7% құрайды. Ал көршілес Беларусьтегі институттың бұл көрсеткіші ұлттық экспорттың 2,3% құрайды. Алпауыттарды айтпағанда, дамыған елдерде аталмыш көрсеткіш 30-40% маңайында.

"Екінші құрал - қаржылық-сақтандыру қолдауының жаңа құралдарын енгізу мен кеңейту. Сыртқы экономика қызметтерінің 90 пайыз қатысушысының айтуынша, қолдаудың басты және тиімді құралы қаржылық сақтандыру болып табылады.

Оның айтуынша, қазіргі таңда қазақстандық экспорттаушылардың 80 пайызы тек қана алдын ала төлеу арқылы жұмыс істейді.

"Өзге елдердің экспорттаушылары үлкен қаржылық кепілге ие бола отырып экспорттық келісімнің өзге де шарттарын ұсына алады. Бұл өз кезегінде қазақстандық экспорттаушыларға тиімді болмасы анық", - деді агенттіктің төраға орынбасары.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны