19.01.2019, 21:21 5248

"ҚазТрансГаз" АҚ 2018 жылғы қызметініӊ алдын ала қорытындысы шығарылды

Есепті кезеӊде газ өткізу көлемі 22,9 млрд. текше метрді құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 5,2 млрд. текше метрге немесе 29% артық.

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ұлттық оператор "ҚазТрансГаз" АҚ 2018 жылдыӊ қорытындысы бойынша негізгі қызмет түрлерініӊ көрсеткіштерін елеулі ұлғайтты.

Жедел деректерге сәйкес, "ҚазТрансГаз" АҚ 2018 жылғы шоғырландырылған табысы 1 трлн. 061 млрд. теӊгені құрады, бұл 2017 жылға қарағанда, 398,9 млрд. теӊгеге немесе 60 % артық. Ұлттық оператор құрамындағы компаниялар тобыныӊ салық салынғанға дейінгі шоғырландырылған пайдасы 201 млрд. теӊгені құрады, ол 2017 жылғы көрсеткіштен 102 млрд. теӊгеге немесе 103% артық.

Алынған пайда Ұлттық операторға ішкі нарықтағы газ бағасыныӊ өсіп кетпеуін тежеп тұруға және қазақстандық газ тұтынушыларын субсидиялауға (ішкі нарыққа газ сатудан келген шығын 2018 жылы 36 млрд. теӊгені құрады), сондай-ақ 573 млрд. теӊге мөлшеріндегі кредиттік портфельге қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

2018 жылы "ҚазТрансГаз" АҚ бюджетке төленетін салықтар мен басқа да төлемдер үшін 99,5 млрд. теӊгеден астам сома төледі, осылайша еліміздегі еӊ ірі салық төлеуші компаниялар қатарынан табылып отыр.

Есепті кезеӊде газ өткізу көлемі 22,9 млрд. текше метрді құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 5,2 млрд. текше метрге немесе 29% артық. Бұл ретте, 2018 жылы Қытай Халық Республикасына газды экспортқа жеткізу туралы жасалған шарт, мерзімінен бұрын және толық көлемде орындалды.

Магистральдық тасымалдау көлемі 111,9 млрд. текше метрді құрайды, ол 2017 жылдыӊ көрсеткішіне қарағанда, 11 млрд. текше метрге немесе 11% артық.

"ҚазТрансГаз" АҚ - Қазақстанныӊ газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор. "ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобыныӊ құрамына газ өндіруші, тасымалдаушы және өткізуші және оныӊ өнімдерін қайта өӊдеуші кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны