19.02.2015, 12:27 3956

"ҚазТрансГаз" АҚ "Газпром добыча Кузнецк" ААҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

"ҚазТрансГаз" АҚ және "Газпром добыча Кузнецк" ААҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға көмір қыртыстарынан метанды өнеркәсіптік өндіру саласында ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастық жасау мақсатында қол қойылған

Астана. 19 ақпан. Kazakhstan Today - "ҚазТрансГаз" АҚ және "Газпром добыча Кузнецк" ААҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандумға көмір қыртыстарынан метанды өнеркәсіптік өндіру саласында ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастық жасау мақсатында қол қойылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Меморандум шеӊберінде Тараптар көмір қыртыстарынан метан барлау және өндіру саласында, атап айтқанда жобалар әзірлеу, лизингке жабдықтар беру немесе жабдықтарды тараптардыӊ бірлесіп пайдалануы бойынша ынтымақтастық жасасатын болады. Құжат геологиялық зерттеулерден бастап, өндірістік қызмет нәтижелерін коммерциялық қолданумен аяқтай отырып, аса тиімді технологияларды құруды көздейді. Жобаныӊ мақсатына қол жеткізу үшін тараптар ақпаратпен алмаса алады, бірлескен кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар құра алады, сондай-ақ көмір қыртыстарынан метан барлау және өндіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруға мүмкіндік алады.

Осы бағыт көмірсутек шикізатын өндіру саласында инновациялық болып табылады, сондай-ақ дәстүрлі энергия тасушыныӊ бірі ретінде табылады, оныӊ болжамды қорларын отынныӊ баламалы копоненті - Қазақстан Республикасыныӊ энергетикалық базасы ретінде қарауға мүмкіндік береді. Осы мәселені зерделеу маӊызды әрі бұдан былай Қазақстан Республикасыныӊ орталық және солтүстік өӊірлерін газдандыру үшін баламалы нұсқасыныӊ бірі ретінде ықпал ететін болады.

"ҚазТрансГаз" АҚ 2000 жылы мұнайгаз саласындағы жұмыстарды жүйелеу үшін құрылған және газды барлау, өндіру, тасымалдау және бөлу кезінде активтерді корпоративтік басқару жөніндегі қызметтерді жүзеге асырады. "ҚазТрансГаз" АҚ-ныӊ - газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператордыӊ Қазақстан Республикасыныӊ өӊірлерін газдандыруға қатысуда табысты тәжірибесі бар, кадрлық, техникалық, технологиялық және қаржылық-экономикалық әлеуеті де бар. "ҚазТрансГаз" АҚ компаниялар тобына газ өндіруші, тасымалдаушы және өткізуші және оныӊ өнімдерін қайта өӊдейтін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

"Газпром добыча Кузнецк" ААҚ "Газпром" ЖШҚ-ныӊ 100% еншілес компаниясы болып табылады. Компания қызметініӊ негізгі түрі көмір қыртыстарынан метан және басқа да көмірсутектерін іздестіру, барлау және өндіру, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және жобалық-іздестіру жұмыстарын жүргізу, ғылыми-техникалық өнім шығару болып табылады.

"ҚазТрансГаз" АҚ-ныӊ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны