11.07.2012, 12:09 2957

ҚазТрансГаз газбен жабдықтау саласында Қазақстанның ұлттық операторы атанды

"ҚазТрансГаз" АҚ Қазақстандағы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор боп белгіленді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Астаан. 11-шілде. Kazakhstan Today - ҚР Үкіметінің Қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квота белгіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ҚазТрансГаз" АҚ Қазақстандағы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор боп белгіленді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"ҚР үкіметінің 2012 жылдың 5 шілдесіндегі №914 қаулысына сәйкес "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор боп белгіленді", - деп айтылған хабарламада.

ҚазТрансГаз ұлттық оператор ретінде тауарлық газдағы Қазақстанның ішкі қажеттілігін қамтамасыз етумен айналысатын болады.

ҚР газдандырудың басты кестесін дайындау мен іске қосуға қатысу, мемлекеттің шикі және тауарлық газ алуға, сондай-ақ тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің нысандарын алуға басымды құқықтарын жүзеге асыру ұлттық оператордың қызметтеріне жатады.

ҚазТрансГаз ГЖБЖ нысандарының технологиялық жұмыс уақытын орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды және тауарлық газды көтерме және бөлшектеп жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны