07.09.2007, 12:31 2797

"ҚазТрансГаз" қосымша газ көлемін сатып алу жөнінде Өзбекстанмен келіссөздер жүргізе бастады

"ҚазТрансГаз" қосымша газ көлемін сатып алу жөнінде Өзбекстанмен келіссөздер жүргізе бастады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 7 қыркүйек. АСТАНА. "ҚазТрансГаз"АҚ ("ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ ұлттық холдингінің еншілес компаниясы) қосымша газ көлемін сатып алу жөнінде Өзбекстанмен келіссөздер жүргізе бастады, деп хабарлады "Самұрық" мемлекеттік холдингінің басшысы Қанат Бозымбаев.

""ҚазТрансГаз" өкілдерін мен кеше Ташкентке жібердім, ертең қосымша газ көлемін сатып алу жөнінде Өзбекстан жағымен келіссөздер жүргізіледі", - деді Қ. Бозымбаев бүгін өткен үкіметтің отырысында.

Мемлекеттік холдинг басшысының айтуынша, Жамбыл МТЭС (мемлекеттік таратушы электр станциясы) екі блокпен 11-15-қыркүйекте іске қосу қажет.

"Станцияның жұмысын газбен жүзеге асыру мазутпен салыстырғанда артық екеніне күмән келтіруге болмайды", - деді ол. "Сол себепті Жамбыл МТЭС-ына Өзбекстаннан тікелей сатып алу және "ҚазМұнайГаздың" табатын пайдасын кемітпеу үшін басқа бағамен своп схемасын ұлғайту жолдарымен ағымдағы жылы газ көлемін алу мүмкіндігін қарастыру орынды деп санаймын", - деді ол.

Қ. Бозымбаевтың айтуынша, "мазутпен салыстырғанда, газбен жұмыс істеген жағдайда бағаның өсімі анағұрлым төмен болады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны