24.04.2013, 11:46 9363

"ҚазТрансОйл" АҚ 2012 жылға дивиденттер ретінде 28,8 млрд теңге төлеуді жоспарлады

"ҚазТрансОйл" АҚ (ҚТО) Директорлар кеңесі компания акцонерлерінің жалпы жиналысына 2012 жылға шоғарландырылған таза табыстан 86 % дивиденттерді өтеуге бағыттауды ұсынады, деп хабарлады компанияның бас директоры Қайыргелді Қабылдин.

Астана. 24-сәуір. Kazakhstan Today - "ҚазТрансОйл" АҚ 2012 жылға дивиденттер ретінде 28,8 млрд теңге төлеуді жоспарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ҚазТрансОйл" АҚ (ҚТО) Директорлар кеңесі компания акцонерлерінің жалпы жиналысына 2012 жылға шоғарландырылған таза табыстан 86 % дивиденттерді өтеуге бағыттауды ұсынады, деп хабарлады компанияның бас директоры Қайыргелді Қабылдин.

"Бұл ұсыныстар мынадай: дивиденттерді өтеуге 28,8 млрд теңге бағыттау. Жалпы жылдық жиналыста бұл сан бекітілетін болса, дивиденттер өтеу коэффициенті 2012 жылға шоғырландырылған таза табыстан 86%-ды құрайды", - деді ҚТО басшысы.

Қ.Қабылдиннің айтуынша, компания дивиденттік саясатымызға сәйкес өз міндеттерін айтарлықтай асыра орындады - дивиденттерді өтеуге таза табыс сомасынан 40% кем емес бағыттау. 1 қарапайым акцияға ұсынылған сыйақы мөлшері 75 теңгені құрайды.

"Қазақстандық қор биржасында орналасатын компаниялар, нақты айтқанда "көгілдір фишкалар", мұндай дивиденттер санын ешкім бағыттамайды. Бұл біздің акциялардың тартымдылығы мен Үкіметтің "Халықтық IPO" бағдарламасына қатысуға компанияны дұрыс таңдағанын көрсетеді", - деп атап өтті компанияның бас директоры.

Жалпы алғанда, ҚТО мәліметі бойынша, 2012 жылдың қортындысы бойынша таза шоғырландырылған табыс 33,5 млрд теңгені құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 30 %-ға артық. Сонымен қатар, I тоқсанның қортындысы бойынша, көліктік компанияның таза табысы 16,7 млрд теңге деңгейде қалыптасты, бұл 2012 жылдың сәйкес көрсеткішінен шамамен 55 %-ға жоғары, және де жоспардан 124 %-ға артық.

"2012 жылы табыс мұнай тасымалдаудың барлық жоспарланған көлемдерін орындау есебінен алынған және табыстылық артуының басты факторы сыртқы және ішкі нарыққа мұнай тасымалдау тарифтерінің өткен жылдың 1 желтоқсанынан бастап артуы болып табылады", - деп хабарлады Қ.Қабылдин.

Жылдық жалпы жиналыс мақұлдаған жағдайда 2012 жылдың қортындысы бойынша дивиденттер өтеу акционерлер тізілімі негізінде 2013 жылдың 13 маусымының 00 сағат 00 минут жағдайына есептеледі. Дивиденттерді өтеудің өзі ағымдағы жылдың 4 шілдесінде басталады. Бұл мәселе бойынша соңғы шешім ағымдағы жылы 28 мамырда өтетін "ҚазТрансОйл" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында қабылданады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны