12.12.2011, 13:56 4764

"ҚазТрансОйл" АҚ мұнай тасымалдау көлемін қаңтар-қараша айларында 3 пайызға арттырды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 1 млн. 455 мың тоннаға немесе 3 пайызға артты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

Астана. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today - "ҚазТрансОйл" АҚ-ның магистральды мұнай құбырлары жүйесімен 2011 жылғы қаңтар-қарашадағы мұнай тасымалдау көлемі іс жүзіндегі деректер бойынша 49 млн. 334 мың тоннаны құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 1 млн. 455 мың тоннаға немесе 3 пайызға артты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

"ҚазТрансОйл" АҚ МҚ жүйесі бойынша жүк айналымы 2011 жылғы 11 айда 31 млрд. 641 млн. тонна км. болды. Былтырғы жылғы осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 439 млн. тонна км-ге немесе 1 пайызға артты.

Биылғы өткен 11 айдың қорытындылары бойынша "Өзен - Атырау - Самара" магистральды мұнай құбырының "Атырау - Самара" учаскесімен мұнай айдау көлемі артып, 14 млн. 126 мың тонна болды. 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 105 мың тоннаға немесе 1 пайызға көбейді.

Көмірсутек шикізатын тасымалдау көлемінің өсімі ҚХР бағытында да сақталып отыр. Ағымдағы жылғы қаңтар-қарашада "Атасу - Алашаңқай" мұнай құбырына мұнайды ауыстырып құю көлемі 10 млн. 091 мың тонна мұнай деңгейіне жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 850 мың тоннаға немесе 9 пайызға өсті.

Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан "ТОН-2" мұнай құбыры бөлігімен Ресей мұнайының транзиті 2011 жылғы есепті кезеңнің қорытындылыры бойынша 4 млн. 978 мың тоннаны құрады.

"ҚазТрансОйл" АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 11 млн. 879 мың тоннаны құрады. Бұл ретте АМӨЗ-ге және ПКОП-қа жеткізу тиісінше 3 млн. 855 мың тоннаға және 3 млн. 947 мың тоннаға артты. Бұл 2010 жылғыдан тиісінше 12 және 8 пайыз көп.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны