11.03.2013, 12:47 3173

"ҚазТрансОйл" АҚ мұнай тасымалын жоспардан 2,8 пайызға артық орындады

Бұл жоспарлы көрсеткіштен 2,8 пайызға артық. Бүгін Астанада 2012 жылдың қаржы-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметін қорытындылаған брифинг барысында "ҚазТрансОйл" АҚ Басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин осылай мәлім етті.

Астана. 11-наурыз. Kazakhstan Today - "ҚазТрансОйл" АҚ мұнай тасымалын жоспардан 2,8 пайызға артық орындады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылы "ҚазТрансОйл" АҚ-мен мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мен жеткізудің шоғырландырылған көлемі 65 млн. 795 мың тоннаны құрады.

Бұл жоспарлы көрсеткіштен 2,8 пайызға артық. Бүгін Астанада 2012 жылдың қаржы-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметін қорытындылаған брифинг барысында "ҚазТрансОйл" АҚ Басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин осылай мәлім етті.

"Жалпы 2012 жылы компанияның шоғырландырылған жүк айналымы 42 млрд. 163 млн. тонна/шақырымды құрады. Бұл жоспарлы межеден 4 пайызға төмен. Бұны Қазақстандағы былтырғы жалпы жеткізілімнің 2011 жылмен салыстырғанда азаюымен түсіндіруге болады. Сонымен қатар, тасымал логистикасы да өзгерді: біз 2012 жылы экспортқа қарағанда ішкі зауыттарға көбірек тасымал жасадық", - деді Қ. Қабылдин.

Тоқтала кететін жайт, "ҚазТрансОйл" АҚ Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына Астрахан-Маңғыстау су құбыры арқылы Еділ суын жеткізіп беруді жүзеге асырады. Бұл ретте Басқарма төрағасының сөзіне қарағанда, 2012 жылы аталған бағытта су жеткізу көлемі 22 млн. 799 мың текше метрді құраған. Бұл жоспарлы межеден 10,3 пайызға жоғары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны