27.11.2012, 19:23 3274

"ҚазТрансОйл" акцияларын сатып алуға 5,7 млрд, теңге соманың 10 мыңға жуық өтінімі түсті

"Жалпы алғанда қазіргі таңда 5,7 млрд. теңге сомаға "ҚазТрансОйлдың" акцияларын сатып алуға 10 мыңға жуық өтінім түсті",- деп хабарлады Қуандық Бішімбаев журналистерге.

Астана. 27-қараша. Kazakhstan Today - Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша "ҚазТрансОйл" акцияларын сатып алуға 10 мыңға жуық өтінім түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада "Самұрық-Қазына" АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бішімбаев мәлім етті.

"Жалпы алғанда қазіргі таңда 5,7 млрд. теңге сомаға "ҚазТрансОйлдың" акцияларын сатып алуға 10 мыңға жуық өтінім түсті",- деп хабарлады Қуандық Бішімбаев журналистерге.

26 қарашадағы жағдай бойынша "Қазпошта" АҚ арқылы 16 200 брокерлік шоттар ашылған және жеке тұлғалардан 1,4 млрд. теңге сомаға қарапайым акциялар сатып алу туралы 4 668 өтінім түскен.

Халықты барынша қамту және оларға "Халықтық ІРО" бағдарламасы бойынша кеңестер беруге жағдай жасау мақсатында "Қазпоштаның" барлық бөлімшелері демалыс және мереке күндері, 1-3 желтоқсан күндері де жұмыс істейтін болады.

Бұған дейін хабарланғандай, "ҚазТрансОйл" АҚ "Халықтық ІРО" бағдарламасы шеңберінде 40 млн. акция орналастырады. ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес, "ҚазТрансОйл" АҚ-ның бір қарапайым акциясының құны 725 теңге тұрады.

Акцияларға жазылу 6 қарашадан басталды және ол 2012 жылдың 5 желтоқсанына дейін жалғасады. Акцияларды сатып алуға Қазақстан Республикасының азаматтары мен ҚР заңнамасына сәйкес бекітілген зейнеттік қорлар құқылы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны