26.06.2012, 12:12 3132

"ҚазТрансОйл" "Халықтық IPO" бағдарламасы бойынша акция орналастыруға дайындалуда

"ҚазТрансОйл" АҚ "Халықтық IPO" бағдарламасы бойынша акция орналастыруға дайындық шараларын жүргізуде, деп хабарлады компанияның бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Болат Закиров.

Астана. 26-маусым. Kazakhstan Today - "ҚазТрансОйл" "Халықтық IPO" бағдарламасы бойынша акция орналастыруға дайындалуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ҚазТрансОйл" АҚ "Халықтық IPO" бағдарламасы бойынша акция орналастыруға дайындық шараларын жүргізуде, деп хабарлады компанияның бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Болат Закиров.

"Қазір біз орналастыруға дайындық кезеңін бастадық. Бүгінде баға құнын, орналастыру көрсеткіштерін анықтап, Қазақстан қор биржасының листингісіне беруге қажетті құжаттарды дайындаудамыз", - деді Болат Закиров.

Сондай-ақ, компанияда соңғы 3 жылдың қаржылық есебіне аудит жүргізіліп, "ҚазТрансОйл" акцияларын биылғы күзде биржаға орналастыруға қажетті шаралар кестесі жасалды.

Бас директордың орынбасары сондай-ақ, "ҚазТрансОйл" инвесторлардың акция сатып алу туралы шешім қабылдауына көмектесу үшін, компанияның қызметі жайлы мәліметтер көрсетілген инвестициялық меморандум дайындап жатқанын жеткізді.

Б.Закировтың мәлімдеуіне қарағанда, "Самұрық-Қазына" қоры топтары арасында жүргізілген талдау нәтижесі бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ алдыңғы қатардағы компания деп танылған. Іріктеу өлшемдеріне өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің тұрақтылығы, әлемдік нарық конъюнктурасына және т.б. тәуелділік дәрежесінің төмендігі жатады.

Сонымен қатар, компанияның акция орналастыруға техникалық дайындығы да назарға алынды, оның ішінде есептілік пен корпоративті басқару мәселелері де қарастырылған. "Нақты көлем мен орналастыру көрсеткіштері уақыт жақындағанда анықталады", - деп аяқтады сөзін Болат Закиров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны