23.01.2013, 10:05 3282

"ҚазТрансОйл" компаниясының акциялары өсуі мүмкін

Сондықтан компанияның бағалы қағаздарын дәл қазір сатып алу қажет, деп хабарлайды, еліміздің құнды қағаз нарығының сарапшылары.

Астана. 23-қаңтар. Kazakhstan Today - "ҚазТрансОйл" компаниясының акциясының құны 35%-ға өсуі мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сондықтан компанияның бағалы қағаздарын дәл қазір сатып алу қажет, деп хабарлайды, еліміздің құнды қағаз нарығының сарапшылары.

Мамандар жуырда "ҚазТрансОйл" компаниясының таза табысының төмендеуіне қарамастан, акция құны артатынына сенімді. Өткен жылы компанияның табысы 25 миллиард теңгені құрады. Бірақ бұл 2011 жылмен салыстырғанда 16%-ға төмен.

"ҚазТрансОйл" компаниясының акцияларын қазір сатып алу қажет. Себебі алдағы уақытта акция құны 1084 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Сонымен қатар дивидент көлемі 9%-ға артып, әр акцияға қосымша 60 теңгеге дейін дивидент төленеді деген болжам жасап отырмыз", - дейді брокер Бақыт Нұрдәулетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны