18.08.2011, 11:12 3808

ҚазТрансОйл мұнай тасымалдау көлемін 4 пайызға арттырған

"ҚазТрансОйл" АҚ-ның магистралды мұнай құбырлары жүйесімен 2011 жылғы қаңтар - шілде мұнай тасымалдау көлемі іс жүзіндегі деректер бойынша 31 млн. 428 мың тонна болды. 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 1 млн. 220 мың тоннаға немесе 4 пайызға артты", - делінген баспасөз хабарламасында.

Астана. 18-тамыз. Kazakhstan Today - ҚазТрансОйл мұнай тасымалдау көлемін 4 пайызға арттырған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агентігінің хабарлауынша, Ағымдағы жылдың қаңтар-шілдесінде "ҚазТрансОйл" АҚ мұнай тасымалдау көлемін 4 пайызға арттырған. Бұл туралы аталған компанияның баспасөз хабарламасында айтылған.

"ҚазТрансОйл" АҚ-ның магистралды мұнай құбырлары жүйесімен 2011 жылғы қаңтар - шілде мұнай тасымалдау көлемі іс жүзіндегі деректер бойынша 31 млн. 428 мың тонна болды. 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 1 млн. 220 мың тоннаға немесе 4 пайызға артты", - делінген баспасөз хабарламасында.

ҚазТрансОйл" АҚ ММ жүйесі бойынша жүк айналымы 2011 жылғы 7 айда 20 млрд. 524 млн. тонна км. болды. Былтырғы жылғы осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 905 млн. тонна км-ге немесе 5 пайызға артты.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша "Өзен - Атырау - Самара" магистралды мұнай құбырының "Атырау - Самара" учаскесімен мұнай айдау көлемі 9 млн. 254 мың тонна болды. Яғни 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда мұнай тасымалдау көлемі 583 мың тоннаға немесе 7 пайызға артты. Көмірсутек шикізатын тасымалдау көлемінің өсімі ҚХР бағытында да сақталып отыр. Биылғы жылғы қаңтар-шілдеде "Атасу - Алашаңқай" мұнай құбырына мұнайды ауыстырып құю көлемі 1 млн. 024 мың тоннаға жетті.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан "ТОН-2" мұнай құбыры учаскесімен Ресей мұнайының транзиті 2011 жылғы есепті кезеңнің қорытындылары бойынша 3 млн. 305 мың тоннаны құрады. Өсім 137 мың тоннаға немесе 4 пайызға тең.

Өткен жылмен салыстырғанда "ҚазТрансОйл" АҚ магистралды мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан Республикасының мұнай өңдеуші зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі де арта түскен. Атап айтқанда, 2011 жылдың 7 айының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының МӨЗ-деріне өңдеу үшін мұнай тасымалдау көлемі 7 млн. 108 мың тоннаны құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны