29.05.2013, 17:10 3148

"ҚазТрансОйл" ұлттық компаниясының шоғырландырылған пайдасы 2012 жылы 29%-ға артты

2012 жылы "ҚазТрансОйл" АҚ-ның шоғырландырылған таза пайдасы 33,5 млрд теңгені құрап, 2011 жылдағы нәтижеге қарағанда 29,1%-ға артты, деп хабарлады бүгін "ҚазТрансОйл" АҚ-ның бас директоры Қайыргелді Қабылдин.

Астана. 29-мамыр. Kazakhstan Today - "ҚазТрансОйл" ұлттық компаниясының шоғырландырылған пайдасы 2012 жылы 29%-ға артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылы "ҚазТрансОйл" АҚ-ның шоғырландырылған таза пайдасы 33,5 млрд теңгені құрап, 2011 жылдағы нәтижеге қарағанда 29,1%-ға артты, деп хабарлады бүгін "ҚазТрансОйл" АҚ-ның бас директоры Қайыргелді Қабылдин.

"Шоғырландырылған кіріс 2011 жылмен салыстырғанда 1,8%-ға артып, 143 млрд 061 млн теңгені құрады, ал шоғырландырылған таза пайда 33,5 млрд теңгені құрап, 2011 жылдағы нәтижеге қарағанда 29,1%-ға артты", - деді Қ.Қабылдин.

Сонымен қатар, ол ағымдағы жылы дивидендтерді төлеуге жалпы сомасы 28 млрд 847 млн 669,925 мың теңге жұмсалғанын, немесе ол компанияның 2012 жылдағы шоғырландырылған таза пайда мөлшерінің 86%-н құрайтынын айтты.

Осылайша, "ҚазТрансОйл" АҚ-ның бір қарапайым акциясына шаққандағы дивиденд мөлшері 75 теңгені немесе орналастырылған акция бағасының 10,3%-н құрайды.

2012 жылдың қорытындысы бойынша "ҚазТрансОйл" АҚ-ның қарапайым акциялары бойынша дивидендтерді алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2013 жылдың 13 маусымында 00 сағат 00 минут уақытындағы жағдай бойынша белгіленетін болады, ал дивидендтерді төлеу 2013 жылдың 04 шілдесінен басталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны