05.12.2012, 15:56 2979

"ҚазТрансОйл"-дың акцияларын халықтық IPO бағдарламасы бойынша сатып алуға 56 млрд. теңгеден астам сомаға өтініш түсті

Бұл туралы бүгін Үкіметте "Самұрық Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

Астана. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - "ҚазТрансОйл"-дың акцияларын халықтық IPO бағдарламасы бойынша сатып алуға 56 млрд. теңгеден астам сомаға өтініш түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Үкіметте "Самұрық Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

Оның айтуынша, тұңғыш рет өткізіліп отырған халықтық IPO бағдарламасы өте сәтті өтті. "Алғашқы болжам бойынша "ҚазТрансОйл"-дың 28 млрд. теңге көлеміндегі акциялары сатылымға шығарылады деп есептелген. Алайда, бүгінде 56 млрд. теңгенің өтініші түсіп отыр. Яғни, сұраныс ұсыныстан екі есе артып түсті деп айтуға болады",-деді Ө. Шөкеев.

Оның мәліметінше, зейнетақы қорлары 37,3 млрд. теңгенің, ал жеке тұлғалар 18,6 млрд. теңгенің акцияларына өтініш берген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны