17.08.2012, 17:56 3479

ҚДБ Атырау мұнай өңдеу зауытына мұнайды терең өңдеу кешенін салуға $252 млн несие береді

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС мен Қазақстанның Даму Банкі Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының несиелік келісіміне қол қойды, деп хабарлады ҚДБ-ның баспасөз қызметі.

Астана. 17-тамыз. Kazakhstan Today - ҚДБ Атырау мұнай өңдеу зауытына мұнайды терең өңдеу кешенін салуға $252 млн несие береді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС мен Қазақстанның Даму Банкі Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының несиелік келісіміне қол қойды, деп хабарлады ҚДБ-ның баспасөз қызметі.

"Несие көлемі 252 000 000 АҚШ долларын құрайды. Несие 13,5 жыл мерзімге беріледі", - делінген хабарламада.

"Атырау МӨЗ-ындағы мұнайды тереңдетіп өңдейтін кешен құрылысы" стратегиялық инвестициялық жобасын жүзеге асыру мәселесі Қазақстан Республикасының Президентінің "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" Жолдауында және 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасында көзделген. МТӨК жобасы Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғыртудың соңғы кезеңі болып саналады. Кешен жылына 2 миллион 400 мың тонна шикізат (қарамай, вакуумды газойль) өңдеуге есептелген.

Бұған дейін Қытайдың экспорттық-импорттық банкімен (EXIM) және Жапонияның халықаралық ынтымақтастық банкі, Токио-Мицубиши банкімен Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының несиелік келісіміне қол қойған болатынбыз. Бүгін Қазақстанның Даму Банкімен соңғы несие келісіміне қол қойдық. Жобаны жүзеге асыру 2016 жылға қарай мұнай өңдеу тереңдігін 85 пайызға жеткізуге мүмкіндік береді. Илеуметтік маңызды мұнай өнімдерінің: Еуро-5 талаптарына сәйкес келетін жоғарыоктанды бензин, дизель, авиациялық отын өндірісін қолға аламыз. Жобаны жүзеге асыру тек мұнай өңдеу саласы үшін ғана емес, еліміздің жалпы мұнай-газ кешенінің дамуына серпін беріп, Қазақстанның жанар - жағар май тұтыну нарығына да оң әсерін тигізбек",- деді "Атырау МӨЗ" ЖШС бас директоры Талғат Байтазиев.

2011 жылдың 29 желтоқсан күні "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС мен құрамына қытайлық "Sinopec Engineering", жапондық "Marubeni Corporation" компаниялары және "КазСтройСервис" ҰМҚК АҚ кіретін Консорциуммен арада Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының "түбегейлі тапсыру" Шартына қол қойылды.

Жобаның құны - ҚҚС бірге 1 миллиард 679 миллион 892 мың 520 АҚШ долларына тең. Жүзеге асу мерзімі - 41 ай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны