06.02.2014, 22:24 3343

ҚДБ бизнесті несиелеуді ынталандыру үшін коммерциялық банктерге 27 млрд. теңге бөлді

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуды қолдау бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның даму банкі тарапынан бөлінген коммерциялық банктерді қорландыру мөлшері 27 млрд. теңгені құрады.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуды қолдау бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның даму банкі тарапынан бөлінген коммерциялық банктерді қорландыру мөлшері 27 млрд. теңгені құрады.

"Бағдарламаға 3 коммерциялық банк - "ЦентрКредит Банкі" АҚ, "Альфа Банк" АҚ және "Цеснабанк" АҚ қатысып, олармен алғашқы келісімшарт жасалды. Қазіргі сәтте бағдарламаға тағы бірнеше банктерді қатыстыру мүмкіндігі қарастырылуда", - деп Қазақстан даму банкі хабарлады.

Инвестициялық жобараларды, экспорттық операцияларды жүзеге асыру және айналымдық капиталды толтыру үшін нақты сектор кәсіпорындары қаржыландыруға қол жеткізбек.

Екінші деңгейлі банктердің дамыған филиалдық желісін ескере отырып, Бағдарлама бизнестің жеке субъектілерін барынша қамтуға мүмкіндік береді. Коммерциялық банктер ҚДБ алынатын несиелік қаражатты әлеуметтік-экономикалық әсерге ие экономиканың басым секторларындағы, атап айтқанда, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі бағдарламаларды қаржыландыруға бағытталмақ.

Айта кетейік, бағдарламаның мәні ҚДБ-нің коммерциялық банктерге қаржыландыру ұсынуы арқылы бизнеске салыстырмалы "ұзақ" және "арзан" ақша беруінде. ҚДБ өзінің ерекше мәртебесінің арқасында банктердің арасында ең жоғары кредит рейтингтеріне ие, бұл сыртқы және ішкі қарызды аса ұтымды талаптарда тартуға мүмкіндік береді. Бұдан былай ҚДБ коммерциялық банктерді жылдық 7,9 % несиелендіреді.

Ал банктер болса, өз кезегінде, жеке сектор жобаларын қаржыландырады. Бұл ретте Қазақстанның Даму Банкі ЕДБ-ға бизнес үшін сыйақы мөлшерлемесі бойынша жылдық 11,5% деңгейінде шектеулер белгіледі (мұндай кредиттер бойынша орташа мерзімді мөлшерлеме - 13%).

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны