06.09.2012, 11:05 3462

ҚДБ Қостанайдағы болат прокатын өндіру зауытын қаржыландырады

ҚДБ мен қарызгер-компания арасында несие желісін ашу туралы келісімшартқа осы жылдың 14 тамызында қол қойылған болатын.

Астана. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today - "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Директорлар Кеңесі Қостанай қаласында болат прокатын өндіру зауытын салу туралы "Евраз Каспиан Сталь" ЖШС-ның инвестициялық жобасын қаржыландыруға шешім қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚДБ мен қарызгер-компания арасында несие желісін ашу туралы келісімшартқа осы жылдың 14 тамызында қол қойылған болатын.

"Жобаның жалпы сомасы 130,7 млн. АҚШ долларын құрайды, оның 70%-ын Банк қаржыландырады. Жоба "Evraz Group S.A." ірі халықаралық металлургия және кен өндіру компаниясымен бірге жүзеге асырылады. Зауытта жылына 450 мың тонна ұсақ сұрыпты прокат шығару өндірісі (болат арматурасы) жолға қойылады", - делінген хабарламада.

Қостанайда салынып жатқан болат прокатын шығару зауыты Қазақстанда бастапқы шикізаттан өндірілген алғашқы зауыт болады деп күтілуде. Бұл Қазақстанның құрылыс индустрия саласында Ресей және Украина импортына тәуелділігін төмендетуге көмектеседі. Сонымен қатар, болжам бойынша дайын өнімнің кем дегенде 50%-ы экспортқа жіберіледі.

Зауыт 2013 жылдың төртінші тоқсанында іске қосылады деп жоспарлануда. Жаңа 350 жұмыс орны ашылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны