ҚДБ Шығыс Қазақстан облысындағы шағын Су электр станциясыныӊ құрылысын қаржыландыруды ашты
Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - ҚДБ Шығыс Қазақстан облысындағы шағын Су электр станциясыныӊ құрылысын қаржыландыруды ашты. "Жасыл энергетика" саласындағы жоба ШҚО Зырянов ауданыныӊ электр энергиясына сұранысыныӊ төрттен бір бөлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді,- деп хабарлайды "Қазақстанныӊ даму банкі" АҚ баспасөз қызметі.
"Қазақстанныӊ даму банкі" АҚ ("Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі - Банк, ҚДБ) Шығыс Қазақстан облысында қуаты 24,9 МВт болатын Тұрғысын гидроэлектр станциясын (ГЭС) салу жобасын (бұдан әрі - Жоба) қаржыландыруды ашты. Жобаныӊ жалпы құны 11,6 млрд теӊгені құрайды, ҚДБ тарапынан қарыз 5 млрд теӊгені құрады, несиелеу мерзімі - 12жылға дейін. Жоба ҚР Индустриялық-инновациялық дамудыӊ 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландырылады.
ШҚО Зырянов ауданындағы Тұрғысын өзенінде шағын Су электр станцияларыныӊ каскадынан алғашқы гидроэлектр станциясын салу аталған ауданныӊ электр энергиясы қажеттілігін23%-ға қамтамасыз етуге, көмірқышқыл газ шығарылуын жылына 680 тоннаға қысқартуға мүмкіндік береді. Тұрғысын 1-Су электр станциясы жылына 79,8 млн киловатт сағатқа дейін электр энергиясын өндіре алады.
"Бұл Қазақстандағы "жасыл энергетиканы" қолдау туралы заӊ аясында жүзеге асырылатын ҚДБ үшін алғашқы жоба. Жоба өндірістік инфрақұрылым нысандарын қаржыландыру бойынша ҚДБ мандатына сәйкес келеді. Шығыс Қазақстан үшін өзекті Жобаны жүзеге асырудыӊ экологиялық аспекті маӊызды. Илеуметтік әсер Су электр станциясыныӊ құрылысы кезеӊінде 300 жұмыс орнын ашу болмақ", - деп атап өтті ҚДБ Дирекциясыныӊ клиенттермен жұмыс жасау жөніндегі аға банкирі Айжан Бітебаева.
Бүгінгі таӊда Жоба аясында ілеспе инфрақұрылым құру бойынша жұмыс аяқталды - кірмежолдар, электр беріліс желілері, көрмелер жүргізілді. Үш гидроагрегаттан тұратын негізгі су торабыныӊ құрылысы 2017 жылы барлық дайындық кезеӊдері аяқталған соӊ басталады. Су электр станциясыныӊ құрылысын 2018 жылға қарай аяқтау жоспарланған. Жабдық жеткізуші және Жобаныӊ бас мердігері - ҚДБ тарапынан қаржыландырылған Алматы облысындағы Мойнақ Су электр станциясын жобалауға және салуға қатысқан Қытай су шаруашылығы және энергетикасы халықаралық корпорациясы.
"Алғашқы Тұрғысын Су электр станциясын салу жобасы Қазақстандағы "жасыл энергетика" және энергияныӊ жаӊартылмалы көздерін дамытуда маӊызды қадам болып табылады. Су электр станциясыныӊ негізгі артықшылықтары - бұл отынға баға жағдаятынан тәуелсіздігі, пайдаланудыӊ ұзақ мерзімі, негізгі ресурстыӊ жаӊартылмалылығы, электр энергиясыныӊ төмен өзіндік құны. Жобаны жүзеге асырудыӊ экологиялық жағы Тұрғысын өзенініӊ балық әлемін сақтауды қарастырады", - деп атап өтті "Тұрғысын-1" ЖШС директоры Қалаубек Баймұханбетов.
ШҚО-ныӊ энергия ресурстары қажеттілігі артып келеді: егер 2014 жылы өӊірдегі Қазақстанныӊ басқа аймақтарынан жеткізу және Ресейден электр энергиясын импорттау есебінен қамтылған энергия тапшылығы1,9 млрд киловатт-сағатты құраса, 2015 жылы - 2,2 млрд киловатт-сағат болды.
"Қазақстанныӊ Даму Банкі" АҚ (ҚДБ) - 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасыныӊ шикізат емес және инфрақұрылым секторын жаӊғырту мен дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметініӊ негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылым мен өӊдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту және жәрдемдесу. ҚДБ индустриялық-инновациялық дамудыӊ мемлекеттік бағдарламаларыныӊ ірі инвестициялық операторларыныӊ бірі болып табылады. ҚДБ "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрылымына кіреді.
Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Алматы айналма темір жолының құрылысы кесте бойынша жүріп жатыр
Алматы станциясы теміржол торабын айналып өтетін айналма теміржол желісін салу" жобасын іске асыру Алматы станциясын айналып өтіп, жүк ағынын Жетіген - Қазыбек бек жаңа темір жолына қайта бағыттауға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
85 млрд теңгеден астам заңсыз сатып алынған активтер мемлекетке қайтарылады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз иемденілген активтерді қайтару жөніндегі жұмыстар күшейтіледі. Бұл ретте бизнеске қысым жасауға жол берілмейді. Мемлекетке қайтарылған барлық активтер әлеуметтік пайдалы мақсаттарға бағытталатын болады", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан президенті Қытайдың ірі энергетикалық компанияларының бірінің директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бектенов ауыл шаруашылығындағы ең проблемалы мәселелерді атады
Фермерлер жақсы тұқымға қол жеткізу мүмкін еместігін айтып, шағымданады. Азық-түлік корпорациясы жинақталған қордан кемінде 200 мың тонна тұқымды мұқтаж фермерлерге тауарлық несие түрінде бөлуі керек. Біздегі климаттық жағдайларға төзімді, өзімізде шығарылатын тұқымдық қордың көлемін ұлғайту қажет. Сонымен қатар агротехнологиялық талаптардың сақталмауы да өнімнің көлемі мен сапасына кері әсерін тигізіп отыр. Ең алдымен, бұл - минералды тыңайтқыштардың, пестицидтер мен өсімдіктерді қорғайтын басқа да құралдардың қажетті мөлшерін қолдануға қатысты мәселе. Бізде тыңайтқыштарды қолдану деңгейі ғылыми қажеттіліктің небәрі 21%-ын ғана құрады", - деп атап өтті Үкімет басшысы.
Фермерлер өздеріне тиесілі субсидиялардың тым кешігіп төленетініне наразылық білдіруде. Өткен жылғы субсидиялар бойынша қарыз 160 млрд теңгеден асып кетті. Бұл қаражатты егіс жұмыстарына жаратуға болатын еді. Жеңілдікті дизель отынын үлестіру барысы да ерекше бақылауда болуға тиіс. Алыпсатарлыққа және қолдан тапшылық жасауға жол бермеу керек", - деп түйіндеді сөзін Премьер-Министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Шымкент мұнай өңдеу зауытында бүгін жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Мобильді аударымдарды бақылау: Қаржы министрлігі кәсіпкерлер үшін жаңа критерий енгізуде
Қазір біз үшінші критерийді талқылап жатырмыз, сома 255 мың теңгеден жоғары. Біз банктермен жұмыс жасадық, адамдар мобильді аударымдарға қайта көшуде. Қаңтарда 75 мыңға жуық жеке кәсіпкер (ЖК) тіркелді, ақпанда 70 мыңға жуық. Яғни, заңдастыру және сол жерде болған адамдарды көлеңкеден шығару жұмыстары жүріп жатыр, біз бұл жұмысты жалғастырамыз", - деді министр.
Біз банктермен сөйлестік, қолма-қол ақша айналымы қайтадан төмендеп жатыр, адамдар мобильді аударымдарға қайта оралуда. Бұл тіркеу мәселесі. Үш ай және бір жылда 255 мың теңге ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен жоғары болса, ол тіркелуі керек. жеке кәсіпкер. Бұл заң", - деді Қаржы министрлігінің басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 23%-ға өсті
Кірістер бойынша жоспар 396 млрд теңгеге орындалмады. Бұл импортқа қосылған құн салығы, корпоративтік табыс салығы және шикі мұнайға экспорттық кеден бажы. Басты себептердің бірі - негізгі экспорттық тауарларға әлемдік бағаның төмендеу үрдісі. Мәселен, биылғы қаңтар-ақпанда металдардың бағасы орта есеппен 9,1%-ға төмендеген. Оның ішінде аллюминий 10,8%-ға, мырыш 24,1%-ға түскен", - деді М. Такиев.
Мемлекеттік аудит бойынша осы жылдың 2 айында 3,8 трлн теңгеден астам сомаға 142 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша 18 240 рәсімде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың 91%-ын орындады", - деді Мәди Такиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан экономикасының өсуі 4,2%-ды құрады
Министрліктер мен өңірлердің бірінші басшылары Жоспарды сапалы әрі уақытылы іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдауға тиіс. Үкімет жұмыла жұмыс істеп, экономиканың барлық саласы тиімді үйлестіруі керек", - деді Олжас Бектенов.
Күріш, жұмыртқа, жемістер, сусындар, сары май және макарон өнімдерінің бағасы қымбаттаған. Көріп отырғанымыздай, бағасы өсіп кеткен позициялардың саны едәуір көп. Демек бұл орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді", - деді Үкімет басшысы.
Егер өңірлер жергілікті жерде инфляцияны төмендету бойынша қажетті шаралар қабылдамаса, тиісті шешім қабылдау үшін маған дереу баяндауыңызды сұраймын", - деді Олжас Бектенов.
Әкімдер делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі өңірлік комиссиялар жұмысының тиімділігін арттыруға тиіс. Орталық және жергілікті атқарушы органдарға Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін сапалы орындауды тапсырамын", - деді Премьер-Министр.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жөндеу және реконструкциялау жөніндегі барлық іс-шара сапалы жүзеге асырылып, уақтылы аяқталуға тиіс. Бұл ретте сатып алу барысында отандық өндірушілерді қолдауға барынша басымдық берілуі қажет. Сондай-ақ әзірленіп жатқан Ұлттық инфрақұрылымдық жоспарда тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін нығайтуға бағытталған жобаларды көздеген жөн", - деді Үкімет басшысы.
Біз мемлекеттің экономикадағы үлесін 2025 жылдың соңына қарай Жалпы ішкі өнімнің 14%-ына дейін қысқартуға тиіспіз. Биыл Кешенді жекешелендіру жоспарын 90%-ға іске асыру қажет", - деді Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
29.03.2024, 10:14БҚО-да су тасқыны қаупі төнген аудандардан 500 адам эвакуацияланды 29.03.2024, 10:20 8071ҚР Украинадағы Елшілігі қазақстандықтарға Одесса мен Харьковтан кетуге кеңес береді29.03.2024, 10:35 6761Қазақстан президенті Қытайдың ірі энергетикалық компанияларының бірінің директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады29.03.2024, 10:28 4401Қазақстандағы су тасқыны: су тасқыны қаупі бар аймақтардан 4,6 мыңнан астам адам эвакуацияланды29.03.2024, 10:52 3961Абай облысы Аягөз ауданында суда жоғалып кеткен үш адамды іздеу жұмыстары жалғасуда
27.03.2024, 19:21 51536Бектенов су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар барысын талқылады24.03.2024, 21:55 50801Қазақстанда А гепатитімен ауырғандардың саны өсуде25.03.2024, 14:07 50656ҚР Көлік министрлігінің басшысы Қытай тарапымен екі елдің көлік-логистикалық өзара іс-қимылын кеңейту мәселелерін талқылады27.03.2024, 21:24 49151Қазақстан ЕҚДБ-мен ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті27.03.2024, 21:47 48781Алматыда қала әкімінің тапсырмасымен қала құрылысына жаңа талаптар енгізіліп жатыр
20.03.2024, 21:43 129781Президент Алматыға жұмыс сапарымен келді06.03.2024, 20:30 120521Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында ШҚО-да мұзды ұсату жұмыстары жүргізілуде20.03.2024, 12:12 117231ҚМА қаржы пирамидаларын анықтау жөніндегі арнайы жобаны іске қосты20.03.2024, 12:29 116976Қазақстанда бизнес үшін жаңа бірыңғай цифрлық жүйе құрылады20.03.2024, 12:19 116936Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы 24-25 сәуірде Астанада өтеді