30.04.2015, 21:51 8383

ҚДБ желісі арқылы өӊдеу өнеркәсібіне мемлекеттік қолдау көрсетудіӊ екінші траншы шеӊберінде 11 жоба мақұлданды

Өӊдеу өнеркәсібін Ұлттық қордыӊ екінші траншы есебінен ұзақ мерзімді қаржыландыру аясында екінші деӊгейдегі банктермен (ЕДБ) жалпы құны 10,6 млрд теӊгеге 11 жоба мақұлданды

Астана. 30 сәуір. Kazakhstan Today - Өӊдеу өнеркәсібін Ұлттық қордыӊ екінші траншы есебінен ұзақ мерзімді қаржыландыру аясында екінші деӊгейдегі банктермен (ЕДБ) жалпы құны 10,6 млрд теӊгеге 11 жоба мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ағымдағы жылдыӊ 23 сәуіріндегі деректер бойынша жеті ЕДБ өӊдеу өнеркәсібінде 10,6 млрд теӊге көлемінде 11 жобаны мақұлдады. Сондай-ақ, Алматы облысында сусындар өндіру және Қызылорда облысында азық-түлік өндіру жобалары бойынша қаржыландыру басталды. 1,5 млрд теӊге көлеміндегі қаражат айналым капиталын толықтыруға бөлінді.

Осылай, бөлінген 50 млрд теӊгеніӊ 3 % қаражаты нақты игерілді.

Осылай, ҚДБ Жаӊа "Нұрлы Жол" экономикалық саясатыныӊ шеӊберінде Ұлттық қордан өӊдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қаржыландыруға бөлінген қаражаттыӊ екінші траншын игеруге кірісті. Бекітілген шарттарға сәйкес, екінші транш қаражатыныӊ еӊ көбі 50% жаӊа жобаларды қаржыландыруға, еӊ көбі 25% - бұрын берілген несиелерді қайта қаржыландыруға және еӊ көбі 25% - айналым капиталын толықтыруға жұмсалу керек.

ҚР Үкіметініӊ Қаулысымен бекітілген соӊғы несие алушыларға несие беру шарттары:

атаулы сыйақы мөлшерлемесі - еӊ көбі жылдық 6%,

жаӊа жобаларға несие беру мерзімі - 10 жылға дейін,

несие валютасы - теӊге,

негізгі қарыз сомасын төлеу бойынша жеӊілдікті кезеӊ - еӊ көбі 24 ай,

бір несие алушыны қаржыландыру шегі - 200 млн теӊгеден 5 млрд теӊгеге дейін.

Банкаралық қаржыландыру шарттарына сәйкес, серіктес банктерге бөлінетін қаражатты қаржы құралдарына және/немесе олармен операцияларға салуға, сонымен қатар валюталық нарықта шетелдік валюта сатып алуға жұмсауға тыйым салынады. Несие қаражатын игеру мерзімі (қаражат серіктес банктердіӊ шоттарына түсткен сәттен бастап) инвестициялық мақсаттарға берілетін несиелер бойынша - 18 ай, айналым қаражатын толықтыру және ЕДБ-ға бұрын берілген несиелерді қайта қаржыландыру мақсатына - 6 ай. ҚДБ несие қаражатын игеру барысы мен оны мақсатты пайдаланудыӊ үнемі бақылауын жүргізіп отырады.

ҚР Экономиканы жетілдіру жөніндегі мемлекеттік комиссиямен бекітілген серіктес банктер тізімі мен әрбір банк үшін қаржыландыру шегі: "Қазақстан Халық Банкі" АҚ (8 млрд теӊге), "Казкоммерцбанк" АҚ (8 млрд теӊге), "Сбербанк России" АҚ ЕБ (3 млрд теӊге), "Еуразия Банкі" АҚ (2 млрд теӊге), "Банк Центр Кредит" АҚ (4 млрд теӊге), "Цеснабанк" АҚ (4 млрд теӊге), "Казинвестбанк" АҚ (3 млрд теӊге), "Delta Bank" АҚ (3 млрд теӊге), "ForteBank" АҚ (5 млрд теӊге), "Нұрбанк" АҚ (4 млрд теӊге), "Bank RBK" АҚ (3 млрд теӊге), "АТФ Банк" АҚ (3 млрд теӊге).

Бұрын айтылғандай, өӊдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қаржыландыруға бөлінген 50 млрд теӊге көліміндегі Ұлттық қордыӊ бірінші траншы ҚДБ-ға "Бәйтерек" Холдингінен 2014 жылдыӊ желтоқсанында түсті. Ағымдағы жылдыӊ 23 сәуіріндегі жағдайда бірінші транш қаражатынынӊ есебінен 10 коммерциялық банк жалпы сомасы 28 млрд теӊгені құрайтын 20 жобаны мақұлдады. 13 жоба бойынша 9 млрд теӊгеге қаржыландыру басталды. бөлінген 50 млрд теӊгеніӊ 18,1 % қаражаты нақты игерілді

Несие қаражатын игеру, сонымен қатар "Нұрлы Жол" Бағдарламасы бойынша қаржыландыру шарттары бойынша толық ақпаратты ҚДБ сайтынан www.kdb.kz немесе 8 800 080 5559 арқылы байланыс орталығынан алуға болады.

"Қазақстанныӊ Даму Банкі" АҚ (ҚДБ) - 2001 жылы құрылған, "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ныӊ еншілес ұйымы, Қазақстан экономикасыныӊ шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаӊғырту және дамыту бойынша ұлттық дамыту институты. Негізгі қызмет бағыттары - өндірістік инфрақұрылымды және өӊдеуші өнеркәсіпті дамыту, елдіӊ экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту және ықпал ету. ҚДБ жеделдетілген индустриялықИинновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасыныӊ (ЖИИД МБ) ірі инвестициялық операторларыныӊ бірі болып табылады.

"Қазақстанныӊ Даму Банкі" АҚ-ныӊ жұршылықпен байланыс жасау қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны