23.05.2014, 22:38 3768

Кедейлікті жоюдың жол картасын әзірлеу қажет - Елбасы

Азия мен Африканың ең кедей елдерiнде адамзат капиталын дамытудың ауқымды құралдарын қарастыратын "Кедейлiктi жоюдың жол картасын" әзiрлеу қажет. Бұл туралы бүгiн VII Астана экономикалық форумы барысында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев мәлiмдедi.

Алматы. 23 мамыр. Kazakhstan today. Азия мен Африканың ең кедей елдерiнде адамзат капиталын дамытудың ауқымды құралдарын қарастыратын "Кедейлiктi жоюдың жол картасын" әзiрлеу қажет. Бұл туралы бүгiн VII Астана экономикалық форумы барысында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев мәлiмдедi.

"Біз баршамыз теңсіздікті қысқарту мен кедейшілікті жою мәселесі секілді басты мақсатта жұмыла жұмыс істеуіміз керек. Осындай күрделі проблемалар бола тұра, атап айтқанда көршілес елдердегі бұндай ахуалды ескере отырып, жаһандық әлемде үйлесімділік пен жетістікте өмір сүру мүмкін емес. Олардағы қақтығыс өрті кез келген елге ауысуы мүмкін",-деп тоқталды Президент.

Президент атап өткендей, "Азия мен Африканың ең кедей елдерiнде адамзат капиталын дамытудың ауқымды құралдарын қарастыратын "Кедейлiктi жоюдың жол картасын" әзiрлеу қажет. Экономикалық қарым-қатынастарды саясаттандырудан арылу керек".

Жалпы, Н. Назарбаев атап өткендей, Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін әлемдік даму сценарийін дайындауды қайта құруға шараларды ұсынатын ел ретінде өзін таныстырды.

"Біз қираған Кеңес одағынан жаңа тәуелсіз мемлекет болып шығып, ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен елге дейінгі жолдан өттік. ЕҚЫҰ-ның тарихи саммитінде Астана декларациясы қабылданды. Қазақстан географиялық тұрғыдан Қытай мен Ресей сияқты алып елдердің арасында орналасқан. Дегенмен бүгінгі таңдағы теңгерімді көпвекторлы бағдарымыз - біздің артықшылығымыз. Бізден күтпесе де көпэтникалық қоғамымызда бейбітшілік пен келісімді сақтап қалдық", - деді Президент.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны