21.05.2015, 13:18 4759

Кеден заӊнамасын бұзу кезіндегі құқықтық салдар

Осы Келісімге сәйкес кедендік құны 1500 евроға (әуе көлігі үшін 10 000 евро) баламалы сомадан аспайтын және жалпы салмағы 50 килограмнан аспайтын жеке пайдалануға арналған тауарлар (этил спиртін қоспағанда) кедендік декларациялаудан және кедендік төлемдерден босатылады.

Астана. 21 Мамыр. Kazakhstan Today - Жеке тұлғалардыӊ Кеден одағыныӊ кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібі:

- Жеке тұлғалардыӊ жеке пайдалануға арналған тауарларды Кеден одағыныӊ кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісіммен (2010 жылғы 18 маусым) регламенттелген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осы Келісімге сәйкес кедендік құны 1500 евроға (әуе көлігі үшін 10 000 евро) баламалы сомадан аспайтын және жалпы салмағы 50 килограмнан аспайтын жеке пайдалануға арналған тауарлар (этил спиртін қоспағанда) кедендік декларациялаудан және кедендік төлемдерден босатылады.

Жоғарыда көрсетілген Келісіммен бірге қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрініӊ 2015 жылғы 31 наурыздағы №250 бұйрығымен Кеден одағыныӊ кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудыӊ критерийлері бекітілді.

Көрсетілген бұйрықпен кедендік шекара арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу критерийлері, сондай-ақ кедендік шекара арқылы жеке тұлғаныӊ және (немесе) оныӊ тауарларды өткізу жиілігі белгіленген (айына 1 рет).

Аталған критерийлер тек алып жүрілетін және алып жүрілмейтін багаждарға қатысты қарастырылған, тасымалдаушы жеткізген жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібін реттемейді.

Егер де өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар белгіленген критерийлерден асса, көрсетілген тауарлар "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан республикасы кодексініӊ 467-бабына сәйкес кедендік декларациялауға жатады.

Кедендік шекараны өтуі кезінде кедендік декларациялауға жататын тауарларды жеке тұлғаныӊ белгіленген нысанда декларацияламау фактісі "Икімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік өндіріп алуға әкеледі.

Егер де жеке тұлға өткізетін декларацияланбаған тауарлардыӊ құны 5 000 айлық есептік көрсеткіштен асса (2015 жылы - 1 АЕК - 1982 теӊге) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініӊ 234-бабыныӊ 1-бөлігініӊ санкциясымен мүлікті тәркілеумен 90 тәулікке дейін тыйым салу түрінде қылмыстық жаза көзделген.

Декларацияланбаған тауар құны 10 000 АЕК асқан фактілерде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексініӊ234-бабыныӊ 2-бөлігініӊ санкциясымен мүлікті конфискациялаумен 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделген.

Кеден одағы және Қазақстан Республикасы кедендік заӊнамасыныӊ ережелері туралы қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетініӊ "Сall - center"-не 1412 номері бойынша қоӊырау шалу арқылы (қоӊырау шалу тегін), немесе аумақтық мемлекеттік кірістер органдарында білуге болады.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны