05.12.2012, 17:23 3862

Кедендік кодексті жетілдіру қажет

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін Астанада өтіп жатқан "ЕЭК-Бизнес-Диалог: өзара қарым-қатынас болашағы" тақырыбын арқау еткен дөңгелек үстел аясында журналистерге берген сұхбатында "Атамекен" одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов осындай пікір білдірді.

Астана. 5-желтоқсан. Kazakhstan Today - Кедендік кодексті жетілдіру қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, бүгін Астанада өтіп жатқан "ЕЭК-Бизнес-Диалог: өзара қарым-қатынас болашағы" тақырыбын арқау еткен дөңгелек үстел аясында журналистерге берген сұхбатында "Атамекен" одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов осындай пікір білдірді.

"Беларус, ресейлік әріптестеріміз Кеден одағының Кедендік кодексінің әкімшілік кедергілері мол, күрделі екенін жақсы біледі. Заңнама жетілдіруді қажет етеді. Мұны Премьер-министрлер мойындады. Процесс созылып кетті. Өзгертулерді 2015 жылдан енгізбекші. Біз осылайша созудың еш негізін көріп тұрған жоқпыз", - деді Мырзахметов.

Оның айтуынша, үш елдің бизнес ассоциациялары Еуразиялық экономикалық комиссияның мүдделерін ескергенін қалайды.

"Алғаш рет биыл қараша айында үш елдің кәсіпкерлер қауымдастықтары бірлесе әркет етіп, Еуразиялық экономикалық комиссияның заңнамаға тек қана төрт өзгеріс енгізілуіне қарсылық білдірді. "Атамекен" жүзден артық әзірлеп, жолдаған еді. Мұндай шешім біздің көңілімізден шықпайды. Біз негізделген себептерін естігіміз келеді. Алғаш рет қарашада Еуразиялық экономикалық комиссия келісіп, бұл мәселе қарастырылатын болды. Өйткені, үш тарап бірінші рет бірлесіп өз мүдделерін қорғады. Алдағы уақытта да осы бағытта жұмыс атқаруды көздеп отырмыз", - деп атап өтті басқарма төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны