11.02.2010, 12:55 1612

Кедендік одақ аясында Қазақстанда жеке тұлғаларға коммерциялық тауар тасымалдауға мүмкіндік беріп келген ереже алынады

Кедендік одақ аясында Қазақстанда жеке тұлғаларға коммерциялық тауар тасымалдауға мүмкіндік беріп келген ереже алынады

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Кедендік одақ аясында Қазақстанда жеке тұлғаларға коммерциялық тауар тасымалдауға мүмкіндік беріп келген ереже алынады. Бұл туралы кеше Астанада Қазақстанның кедендік бақылау комитетінің жанындағы Ресей кеден қызметінің өкілдігі жетекшісінің орынбасары Сергей Куряков сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылармен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жеке тұлғалардың тауар тасымалдауын реттеу бойынша жеке келісім жасалады. Олар қазір жасалып жатыр және 20 наурызға дейін Кедендік одақтың комиссиясына енгізілуге тиіс", - деді С. Куряков.

"Ал реттеу нормаларына келсек, қалай дегенмен де жеке тұлғалардың әкеле жатқан тауарларын өз қажеттілігіне арналған және коммерциялық партиялар деп бөлу қажет. Ресей және Беларусьпен салыстырғанда Қазақстанда жеке тұлғалардың коммерциялық партияларды елге енгізуге мүмкіндігі бар. Ал Ресей мен Беларусь Республикасында мұндай норма жоқ, Ресейдегі нормалар аса қатал, ал Беларусь Республикасында - тіптен қатал. Меніңше, осындай норма Қазақстанда да болмайды", - деді С. Куряков.

Оның бағалауынша, жеке тұлғалардың коммерциялық тауар тасымалдауы - "өрткениетке жатпайтын сауда".

"Саудалық айналым мен саудалық емес айналым деген бар. Жеке тұлғалардың әкелетіні саудалық емес айналымға жатады. Ал коммерциялық партия енгізілсе, бұның бәрі де сауда айналымына қамтылады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны