13.07.2010, 10:48 3092

Кедендік одақ аясында макроэкономикалық саясаттардың жақындасуы күтілуде

"Экономикадағы біздің көрсеткіштеріміз әрқилы. Алайда, Кедендік одақ аясында бірыңғай экономикалық кеңістікті құруға бағытталған белгілі бір құжаттар пакеті дайындалу үстінде. Және де осы құжаттардың қатарында келісілген макроэкономикалық саясат туралы келісім бар. Осы келісім аясында біздің елдеріміздің макроэкономикалық саясаттарының біртіндеп жақындасуы жоспарланған", - деді Д. Ақышев.

Алматы. 13-шілде. Kazakhstan Today Кедендік одақ аясында макроэкономикалық саясаттардың жақындасуы күтілуде. Бұл туралы дүйсенбі күні online-мәслихат барысында ҚР Ұлттық банкінің басқарма төрағасының орынбасары Данияр Ақышев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Экономикадағы біздің көрсеткіштеріміз әрқилы. Алайда, Кедендік одақ аясында бірыңғай экономикалық кеңістікті құруға бағытталған белгілі бір құжаттар пакеті дайындалу үстінде. Және де осы құжаттардың қатарында келісілген макроэкономикалық саясат туралы келісім бар. Осы келісім аясында біздің елдеріміздің макроэкономикалық саясаттарының біртіндеп жақындасуы жоспарланған", - деді Д. Ақышев.

Ол 8 9 шілде күндері Душанбе қаласында Еуразия экономикалық қоғамдастығына (ЕуразЭҚ) мүше мемлекеттердің Орталық (ұлттық) банктері басшылары кеңесінің 22-отырысы өткендігін еске салды. Ол жерде экономикалық белсенділікті сақтау және дағдарысқа қарсы шаралар бойынша осы елдердің қабылдап жатқан шаралары талқыланған. "Мен көптеген шаралар, әсіресе, біздің елдеріміздің орталық банктері қабылдаған шаралар ұқсас екенін атағым келеді. Яғни, олар ақша-несие саясатын әлсірету, ставкаларды төмендету сияқты шаралар болатын. Тиісінше, бұл шараларды Ресей де, Беларуссия да қабылдаған", - деп түсіндірді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны