22.02.2010, 14:16 2994

Кедендік одақ Қазақстан нарығында РФ мен Беларусь тауарларының үлесінің артуы мен бағасының қымбаттауына алып келеді - мәжіліс депутаты

Кедендік одақ Қазақстан нарығында РФ мен Беларусь тауарларының үлесінің артуы мен бағасының қымбаттауына алып келеді - мәжіліс депутаты

Астана. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Кедендік одақ Қазақстан нарығында РФ мен Беларусь тауарларының үлесінің артуы мен бағасының қымбаттауына алып келеді. Бұл туралы бүгін мәжілісте өткен үкіметтік сағатта мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Барлық тарифтік саясат Ресейдің ставкаларына негізделген. Ресей мен Беларусь елдерімен сауда балансы шамамен 30% құрайды, және белсенді сауда саясаты қолданылған жағдайда бұл баланс таяу уақыттарда 35 - 40% дейін өсе алады, бұл, әлбетте, бағаның көтерілуіне алып келеді", - деді Гүлжан Қарағұсова.

Оның айтуынша, "Кедендік одақ нарығы сол сәтте ең артықша бәсекелестік қабілетке ие жаққа тиесілі болмақ". "Бұдан мынадай заңды сұрақ туады: Кедендік одақтың құрылуы Қазақстан нарығында РФ мен Беларусь тауарларының үлесінің артауына алып келмей ме, жалпы алғанда еліміздің тауар өндірушілеріне соққы болып тимей ме?", - деді ол.

Өз кезегінде индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанованың мәлімдеуінше, азық-түлік өнімдерінің бағасы күрт қымбаттамайды. "Баж салығы көтерілген азық-түлік өнімдеріне келетін болсақ: Қазақстандық өнім өндірушілер үшін басты бәсекелестер - ТМД елдерінен әкелінетін тауарлар - ол - шамамен 90% - соның ішінде, атап айтсақ, РФ мен Беларусь елдеріне тиесілі тауарлар, олардан еркін сауда аймағы туралы келісімге сәйкес, кедендік баж салықтары алынбайды. Демек, баж салығы деңгейінің өзгеруі бағаның өсуіне әсерін тигізбейді", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны