13.01.2014, 19:33 4605

Кедендік одақ Қазақстанға бажсыз ұшақ импортын 2019 жылға дейін ұзартты

Кедендік одақ Қазақстанға азаматтық әуе қатынасы ұшақтарының бажсыз импортын 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартты, деп мәлімдеді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов.

Алматы. 13 қаңтар. Kazakhstan today. Кедендік одақ Қазақстанға азаматтық әуе қатынасы ұшақтарының бажсыз импортын 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартты, деп мәлімдеді ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов.

"2013 жылдың 25 қыркүйегінде жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшылары деңгейінде Қазақстан мен Беларуське азаматтық әуе қатынасы ұшақтарының бажсыз импортын 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзарту туралы келісіміне қол жеткізілді", - дейді вице-министр.

Оның айтуынша, бұл ұлттық әуе компанияларына ұшақ паркін модернизациялауға және әлемдік әуе қатынасы бәсекелестігінде өз деңгейлерін көтеру бойынша кешенді жоспарларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Жақсылықов Ресей Федерациясы өзіндік ірі өнеркәсібіне иелік ете отырып аталмыш нарықты импорттан барынша сақтауға ерекше ықылас танытып отырғанын айтты. Тараптар елдердің өзара мүдделері сай келгендіктен ұшақтарды бажсыз импорттау туралы келісімге қол жеткізді.

Айта кету керек, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысы барысында КО елдері аумағына ортамагистральді ұшақтарды бажсыз тасымалдау туралы келісімге қол қойылды. Және де бажсыз тасымал мерзімі ұшақтардың түріне байланысты. 50-300 кісілік азаматтық авиация ұшақтары мерзімі 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін болса, 110-300 орындық ұшақтар мезімі 2019 жылдың 1 шілдесі деп көрсетілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны