11.02.2010, 13:10 1596

Кедендік одаққа қатысушы елдер 1 сәуірге дейін Кедендік кодекске түзетулер топтамасын енгізбек ниетте

Кедендік одаққа қатысушы елдер 1 сәуірге дейін Кедендік кодекске түзетулер топтамасын енгізбек ниетте

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Кедендік одаққа қатысушы елдер 1 сәуірге дейін Кедендік кодекске түзетулер топтамасын енгізбек ниетте. Бұл туралы кеше Астанада Қазақстанның кедендік бақылау комитетінің жанындағы Ресей кеден қызметінің өкілдігі жетекшісінің орынбасары Сергей Куряков сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылармен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Кедендік одақтың Кедендік кодексі туралы шарт қабылданғанымен, бірақ қазір үш елдің өкілдерінен құралған топ жемісті жұмыс істеп жатыр. Ол одаққа қатысушы елдердің үкімет басшыларының тапсырмасымен шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы дайындауда. Расын айтсам, кодекске көп түзету енгізілмекші", - деді С. Куряков.

Оның айтуынша, қазіргі Кедендік кодексті тек кеден қызметтері ғана жасаған. "Қазіргі жағдаймен ол басқа министрліктер, мекемелер мен бизнес саласында талқыланды. Сондықтан да көп түзету енгізілгелі отыр", - деді ол.

Түзетулер енгізілетін күн туралы нақтылаған С. Куряковтың айтуынша, "түзетулер 1 шілдеге дейін дайын болмақ. 1 сәуірге дейін олар толық айқындалады, өйткені бұл құжаттар 1 шілдеде заңды күшіне ие болу үшін мемлекеттерде ратификациялық процедурадан өтуі қажет".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны