20.01.2014, 18:54 4688

Кедендік одақтағы ең қуатты экономика Қазақстанда - HSBC банкінің сарапшылары

"Кедендік одақ елдері ішінде, жалпы ТМД елдеріндегі ең қуатты экономикаға Қазақстан ие, дейді HSBC банкі сарапшылары. Олармен Дүниежүзілік банкі мамандары да келісіп отыр: соңғы болжамдар бойынша әлемдік экономиканың дамуы елдің ЖІӨ-нің 6% пайыз өсіміне жағдай жасап, бұл қарқын 2016 жылға дейін сақталмақ", - делінген хабарламада.

Алматы. 20 қаңтар. Kazakhstan today. Реформалар, мемлекеттік ынталандырудан бас тарту мен уақытылы девальвация Қазақстанды ТМД елдерінің ішіндегі экономикасы ең қарқынды дамып келе жатқан елге айналдырды, деп хабарлайды Finmarket.ru порталы.

"Кедендік одақ елдері ішінде, жалпы ТМД елдеріндегі ең қуатты экономикаға Қазақстан ие, дейді HSBC банкі сарапшылары. Олармен Дүниежүзілік банкі мамандары да келісіп отыр: соңғы болжамдар бойынша әлемдік экономиканың дамуы елдің ЖІӨ-нің 6% пайыз өсіміне жағдай жасап, бұл қарқын 2016 жылға дейін сақталмақ", - делінген хабарламада.

2013 жылдың екінші жартыжылдығында Қазақстан экономикасының өсімі мұнай секторының қалпына келтірілуі мен егін шығымының, өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 3,9 пайызға артуының арқасында мүмкін болып отыр.

Осыған орай 2014-2015 жылдары Қашаған кен орнындағы мұнай өндірісі экономикаға қосымша серпін бермек.

Сонымен қатар, сарапшылар ҚР Үкіметінің белсенді түрде реформа жасап жатқанына назар аударады. Бір кездері шикізатқа төмен сұраныстың кесірінен ағымдағы операциялар есебінің тапшылығы байқалған еді, Ұлттық банк осы кезде валюталық саясатты өзгертті.

HSBC банкі сарапшылары Ресей экономикасының 2015 жылға дейінгі өсімін 2% аспайды деп болжап отыр.

Сондай-ақ, сарапшылар Беларусь экономикасының да қалпына келетіні жайлы болжам жасайды. "Егер билік реформаға бет бұратын болса, 2014 жылы бұл ел де 2014 жылы қаржыландыруға деген мұқтаждықтан айырылып, қорды да басы бүтін сақтап қала алады", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны