27.10.2009, 17:04 3057

Кедендік одақтың құрылуына байланысты Қазақстан бизнесінің бәсекелестік қабілетін көтеру қажет - Қазақстан үкімет басшысы

Кедендік одақтың құрылуына байланысты Қазақстан бизнесінің бәсекелестік қабілетін көтеру қажет - Қазақстан үкімет басшысы

Астана. 27 қазан. Kazakhstan Today - Кедендік одақтың құрылуына байланысты Қазақстан бизнесінің бәсекелестік қабілетін көтеру қажет. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Оның айтуынша, 27 қарашада үш мемлекет - Қазақстан, Ресей мен Беларусь мемлекет басшылары Кедендік одаққа қатысты барлық құжаттарға қол қойғаннан кейін "бірінші қаңтардан бастап біз жаңа құқықтық алаңда өмір сүре бастаймыз". "Бір жағынан рыноктың айқара ашылуына байланысты бизнесте жаңа мүмкіндіктер пайда болумен қатар, екінші жағынан бәсекелестік күшейе түсетіндіктен, жаңаша қатерлер туындамақ. Біздің бизнес Ресей мен Беларусь рыногына шығуға мүмкіндік алатыны секілді Ресей мен Беларусь рыногы да сонымен бірдей біздің рынокқа ешбір кедергісіз шығуға мүмкіндік алады", - деді Кәрім Мәсімов.

Осыған байланысты, премьердің пікірінше, "жақсы қамданып, бәсекеге қабілетті барынша арттыра түсу қажет".

Сондай-ақ, үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев келесі аптада өтетін үкіметтің отырысында жаңа кедендік тарифтерге түсінік берілетінін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны