15.09.2015, 14:53 5351

Кедендік рәсімдеу кезінде құжат саны мен қаржы шығыны азаяды

Бұл туралы бүгін Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментініӊ кеден блогыныӊ қызметкерлері Астана қаласыныӊ сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына айтты.

Астана. 15 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Бұл туралы бүгін Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментініӊ кеден блогыныӊ қызметкерлері Астана қаласыныӊ сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына айтты. Астана қаласы бойынша кәсіпкерлер Палатасымен бірігіп өткен дөӊгелек үстел кедендік рәсімдеулерді оӊтайландыру тақырыбына арналды. Ашық диалог барысында кедендік ресмиліктерді оӊтайландырудағы өзекті мәселелер қатары талқыланды, сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларын толассыз бақылау механизмі, сонымен қатар бизнес қауымдастық өкілдерініӊ ұсыныстарын қарау арқылы бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай туғызатын жаӊа шаралар талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Индустриализацияны жеделдету және экономикалық даму бағытында жасалған "100 нақты қадам" Ұлт жоспарыныӊ 37-46 бөлім кедендік рәсімдеуді оӊтайландыру мен салық және кедендік әкімшілендіруге тікелей бағытталған. Бұл қадамдар - салық және кеден жүйесін интеграциялау реформасыныӊ жалғасы іспеттес. Астана қаласы бойынша МКД кедендік рәсімдеу басқармасыныӊ басшысы Р.Асхатов жаӊа кедендік саясаттыӊ басым бағыттарына тоқталды. Соныӊ ішінде, кедендік шекараны өту рәсімін жеделдету, қаржылық шығындарды азайту, тауарларды тауарлар декларациясын ұсынуға дейін пайдалану, алдын ала және электронды декларациялау рәсімін қолдану мүмкіндігі, жүктердіӊ сақталуын қамтамасыз ету, құжат айналымын қысқарту, құжаттар жиынтығын азайту, "бір терезе" қағидасы арқылы кедендік рәсімдеулер жүргізу. Р.Асхатовтыӊ айтуынша, қазіргі таӊда тауардыӊ Қазақстан аумағына әкелуінен бастап оныӊ саудада жүзеге асуына дейін толассыз бақылау әдісі тоқтатылған.

"ҚР Қаржы Министрлігініӊ Мемлекеттік кірістер Комитеті арнайы тауарларды таситын топтарға арнап тауарды таӊбалау жолымен, тауардыӊ Қазақстан аумағынан әкелгеннен бастап сатылымға шығуына дейін толассыз бақылауды қамтамасыз ету ұсынылған болатын. Мәселен, теріден жасалған киімдер, дәрі-дәрмек өнімдері, ұялы телефондар өндірілетін зауытта немесе уақытша сақтау қоймасында электронды белгілер қойылып, кедендік декларация электронды шот-фактураға "байлану" арқылы электронды түрде рәсімдеу енгізіледі және "Виртуалды қойма" дерекқоры ішінде импорт пен тауар өндіру туралы ақпараттарды шоғырландыру керек. Мұндай шара "қауіпті" сыртқы экономикалық қызмет қатысушысын жедел ұстауға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Р.Асхатов.

Қазіргі таӊда Еуразиялық экономикалық Одақтыӊ Кеден кодексініӊ жобасы әзірленуде. Жоба қоғамда кеӊ талқыланып жатыр және мемлекет ішінде келісім алу кезеӊіне өтіп жатыр. Жоба электронды құжат айналымына бағытталған, басты басымдылық электронды декларацияға беріліп отыр. Кеден қызметкерлірініӊ айтуынша, тағы жаӊа әдіс - бұл фискал органы қызметкерлерініӊ көмегін қажет етпейтін кедендік операциялар. Бұл операциялар шығарылған тауарды тіркеу жүйесімен байланысты.

"Дөӊгелек үстелдіӊ" түсіндіру кезеӊі аяқталған соӊ, бизнес қауымдастық өкілдері кәсіпте жиі соқтығысатын сұрақтарға жауап алды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны