03.09.2007, 16:09 2976

Кеденшілердің уәжіне жүгінсек, валютаның нарықтық бағасының күрт құбылуы жаңаша кедендік заңнама талаптарына байланысты емес

Кедендік заңнамаға Қазақстан аумағына банкноттарды әкелген кезде жіберген елдің декларациясын көрсету қажеттігін белгілейтін түзетуді енгізу республика аумағындағы валюта айырбастаудың нарықтық бағамына әсер етпейді.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. АСТАНА. Кедендік заңнамаға Қазақстан аумағына банкноттарды әкелген кезде жіберген елдің декларациясын көрсету қажеттігін белгілейтін түзетуді енгізу республика аумағындағы валюта айырбастаудың нарықтық бағамына әсер етпейді, деп мәлімдейді ҚР Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетіндегілер.

"Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына енгізілген өзгерістер, оның еркін айналымға шығарылатын тауарларды кедендік режимде декларациялық рәсімдеуде тауарды жіберген елдің кедендік жүк декларациясын көрсету жөніндегі тұсы республиканың кедендік аумағына тауарларды, нақтырақ айтсақ, банкноттарды енгізуге мүлдем әсер еткен жоқ",- делінген кедендік комитет дүйсенбі күні таратқан баспасөз баянында.

Кеденшілердің айтуынша, керісінше, ағымдағы жылы тамыздың 21 мен 30 аралығында жүргізілген мониторинг нәтижесі көрсеткендей, "Қазақстан Республикасының кедендік аумағына кедендік тауар шығару режимінде еркін айналымға жіберілген банкноттар 2007-жылғы тамыздың екінші онкүндігінде жіберілген мөлшерден 18,6%-ке артық".

Сонымен бірге, баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, "керісінше, Қазақстан аумағынан тысқары банкноттар алып шығу деректері де бар, бұл да банктерде банкноттардың тапшылығы жоқ екенін дәлелдейді, тиісінше, валюта бағамдарының өзгерісі қолданыстағы кеден заңнамасының талаптарына байланысты емес".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны