06.04.2022, 18:04 22526

KEGOC-қа монополиялар туралы заңды бұзғаны үшін айыппұл салынады

Тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі бөлігінде заңнама талаптарының бұзылуы анықталды.
НҰР-СҰЛТАН. 6 СӘУІР - ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті құбыр өнімдерін өндіру жөніндегі зауыттың өтініші негізінде, "KEGOC" АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Тексеріс қорытындысы бойынша тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі бөлігінде Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталды.
 

Нәтижесінде, "KEGOC" АҚ-на қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының төртінші бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, ол субъектінің өтініші бойынша соттың қарауына берілді", - делінген ведомство хабарламасында.

 
Бұл ретте, әкімшілік іс ТМРК пайдасына қаралған жағдайда, "KEGOC" АҚ-на 4 900 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынатынын атап өткен жөн.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны