01.11.2016, 14:35 3443

"KEGOC" АҚ-ныӊ 2016 жылдыӊ бірінші жарты жылдығындағы таза табысы 16,2 млрд. теӊгені құрады

2016 жылғы 28 қазанда "KEGOC" АҚ акционерлерініӊ кезектен тыс жалпы жиналысы өтті, онда бірқатар мәселелер қаралды, деп хабарлайды АҚ баспасөз қызметі.

Астана. 1 қараша. Kazakhstan Today - 2016 жылғы 28 қазанда "KEGOC" АҚ акционерлерініӊ кезектен тыс жалпы жиналысы өтті, онда бірқатар мәселелер қаралды, деп хабарлайды АҚ баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, "KEGOC" АҚ-ныӊ 2016 жылдыӊ бірінші жарты жылдығындағы таза кірісін үлестіру тәртібі туралы, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және бір жай акцияға шаққандағы дивидендтер мөлшері туралы мәселелер қаралды.

"KEGOC" АҚ-ныӊ 2016 жылдыӊ бірінші жарты жылдығына арналған аралық қаржылық есептемесіне сәйкес компанияныӊ таза табысы 16,2 млрд. теӊгені құрады.

Акционерлердіӊ жалпы жиналысыныӊ шешімімен 2016 жылдыӊ бірінші жарты жылдығындағы таза кірістіӊ 6,48 млрд. теӊге мөлшеріндегі 40% "KEGOC" АҚ-ныӊ жай акцияларын ұстаушыларыныӊ барлығына үлестірілетін болады, ол "KEGOC" АҚ-ныӊ бір жай акциясына шаққанда 24, 93 теӊгені (жиырма төрт теӊге тоқсан үші тиын) құрайды.

2016 жылдыӊ бірінші жарты жылдығыныӊ нәтижелері бойынша "KEGOC" АҚ-ныӊ жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар "KEGOC" АҚ акционерлерініӊ тізімі 2016 жылғы 13 қарашадағы жай-күй бойынша тіркелетін болады. Дивидендтер төлеудіӊ басталу күні - 2016 жылғы 14 қараша.

Сонымен қатар, Акционерлердіӊ жалпы жиналысы "KEGOC" АҚ Директорлар кеӊесініӊ сандық құрамын өзгерту және 8 (сегіз) адамнан тұратын құрамды белгілеу туралы шешімдер қабылдады. "KEGOC" АҚ Директорлар кеӊесіне қосымша мына мүше сайланды, олардыӊ өкілеттік мерзімі тұтастай алғанда "KEGOC" АҚ Директорлар кеӊесініӊ өкілеттік мерзімі біткенге дейін:

1) Тиесов С.А. - "Самұрық-Қазына" АҚ өкілі;

2) Егімбаева Ж.Д. - "Самұрық-Қазына" АҚ өкілі.

Тиесов С.А. - ТМД мен Қазақстан Республикасыныӊ еӊбегі сіӊген энергетигі, Энергетика ардагері, 2 және 3-дәрежелі Барыс ордендерімен, Қазақстан Республикасыныӊ медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентініӊ алғыс хатымен марапатталған. Жалпы жұмыс тәжірибесі және басшылық лауазымдардағы, директорлар кеӊесініӊ мүшесі ретінде жұмыс тәжірибесі мол, мінсіз іскерлік беделге ие. Стратегияны, Инвестицияны қалыптастыру саласындағы білімі жоғары, іскерлік дағдысы мен құзыретініӊ аясы кеӊ, сондай-ақ адами ресурстарды басқаруда теориялық және практикалық дағдыларды тереӊ меӊгерген.

Сонымен бірге, С.А. Тиесовтіӊ басшылығымен Теӊіз мұнай-газ кен орнын электрмен жабдықтаудыӊ барлық сыртқы схемасы енгізілді: қуаты 240 Мвт газтурбиналық электр станциясы, Маӊғыстау электр комбинатынан Орал ҚС-ға дейін 220 кВ 1500 км желісі, 110-220 кВ 8 қосалқы станция салынды. Гурьев ЖЭО-ға қайта құру жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Энергетика және көмір өнеркәсібі министрініӊ бірінші орынбасары лауазымын атқарған кезде Электр энергетика саласын қайта құрылымдау, жекешелендіру және реформалаудыӊ алғашқы бағдарламасын әзірлеу, Қазақстан Республикасыныӊ бәсекеге қабілетті электр энергиясы нарығын құру жөніндегі топқа жетекшілік етті, Республиканыӊ экономикасы құлдыраған ауыр кезеӊдерде Қазақстанныӊ электр энергетикасына дағдарысқа қарсы басшылық етуді жүзеге асырды.

Егімбаева Ж.Д. құқықтану саласында, басшы лауазымдарында, Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты мен Министрлер Кабинетініӊ заӊ бөлімі секторыныӊ меӊгерушісі; Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеӊсесініӊ, Үкімет Аппаратыныӊ Құқықтық қорғау бөлімі меӊгерушісініӊ орынбасары; Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеӊсесі басшысыныӊ орынбасары ретінде жұмыс тәжірибесі мол, мінсіз іскерлік беделге ие. Құқықтану саласындағы білімі тереӊ, іскерлік дағды мол мен құзыретке ие. "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы Директорлар кеӊесініӊ мүшесі - тәуелсіз директоры болып табылады (02.06.2016ж. бастап).

"KEGOC" АҚ қазіргі кездегі Директорлар кеӊесініӊ мүшелері:

1) Бектеміров Қуаныш Ибдіғалиұлы -"KEGOC" АҚ Директорлар кеӊесініӊ төрағасы;

2) Тиесов Сүйіншілік Имірхамзаұлы - "Самұрақ-Қазына" АҚ өкілі;

3) Егімбаева Жанна Дачерқызы - "Самұрақ-Қазына" АҚ өкілі;

4) Спицын Анатолий Тихонович - тәуелсіз директор;

5) Лука Сутера - тәуелсіз директор;

6) Януш Биалек - тәуелсіз директор;

7) Доминик Фаш - тәуелсіз директор;

8) Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы - "KEGOC" АҚ Басқарма төрағасы.

Компания туралы

"KEGOC" АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесініӊ Жүйелік операторы функцияларын орындайды, Ұлттық электр торабыныӊ (ҰЭТ) активтеріне иелік етеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияныӊ балансында ҰЭТ-ты құрап тұратын ұзындығы шамамен 24,9 мыӊ км болатын 35-1150 кВ электр жеткізу желілері мен трансформаторларыныӊ белгіленген қуаты 36,2 ГВА 77 қосалқы электр станциялары бар. Компанияда 4,8 мыӊнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпарат оныӊ корпоративтік Интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны