22.04.2014, 20:44 7370

"KEGOC" инвестициялық акциялары ЕДБ депозиттерінің үлесі бойынша қамтамасыз етіледі - Е. Бахмутова

Оның айтуынша, "Сонымен, тарифтік реттеу параметрі бойынша заңнамаға қажетті өзгертулер енгізілген соң ағымдағы жылдың желтоқсан айында "KEGOC-тың" акциялары қазақстандық қор биржасында саудаланатын болады".

Алматы. 22 сәуір. Kazakhstan today. "KEGOC" инвестициялық акцияларының тартымдылығы 7 жыл бойы екінші дәрежелі банктердің депозит үлесінен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова мәлімдеді.

"Тарифтік саясат, экономикалық негіз және бизнес тиімділігі бойынша "Народное IPO" инвесторлар арқылы екінші деңгейлі банктердің жоғары депозиттер арқылы жүзеге асуы мүмкін", - деді Е. Бахмутова.

Оның айтуынша, "Сонымен, тарифтік реттеу параметрі бойынша заңнамаға қажетті өзгертулер енгізілген соң ағымдағы жылдың желтоқсан айында "KEGOC-тың" акциялары қазақстандық қор биржасында саудаланатын болады".

"Сарапшылардың зерттеу қорытындысы бойынша алынған нәтижелер компанияның өлшенген тарифтік саясат аясында өсу әлеуеті жақсы екендігі туралы айтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, компанияның инвестициялық тартымдылығы 5-7 жыл орташа мерзімде инвесторлар үшін табыстылық есебінен қамтамасыз етіледі және ол екінші деңгейлі банктерде орналасқан депозиттердің пайыздық сыйақысынан төмен болмайды деп күтілуде", - деп сендірді Е.Бахмутова.

Естеріңізге сала кетейік, "Халықтық ІРО" бағдарламасының екінші желісі 2014 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық саясаттың бірінші кезектегі шаралардың Жол картасына кіреді. Жол картасы жобасын ҚР Үкіметі 2014 жылдың 14 сәуірінде мақұлдады. Жалпы, ол Қазақстан 2050 даму стратегиясын және Қазақстанды 2050 жылға дейін дамыған 30 елдің қатарына кіргізу тұжырымдамасы мен Елбасының тапсырмаларын орындауға бағытталған.

Ол атап өткендей, "Халықтық IPO" бағдарламасына қатысуды жоспарлап отырған "KEGOC" акционерлік қоғамының дивидендтік саясаты жай акциялар бойынша дивиденд төлеуді таза табыстың 40%-ы шегінде қарастырады

Сондай-ақ, ол "Халықтық IPO" аясында "KEGOC" АҚ-ның 10% минус 1 акциясын орналастыру жоспарланғанын атап өтті. Орналастырылатын акциялардың саны мен бағасын белгілеуде нақтыланған табыс негізге алатындығын қадап айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны