23.02.2011, 18:11 4339

KEGOC Қазақтанның ұлттық электр желісін жаңғырту жөніндегі келісім-шартқа қол қойды

Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен "Қазақстанның ұлттық электр желісін жаңғыртудың ІІ-ші кезеңі" жобасы аясында "КЕГОК"АҚ-ның Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев және оңтүстік Кореяның тарапынан "Hyundai Engineering CO.Ltd", "Hyundai Corporation" компанияларының және "Korea Electric Power Corporation" (КЕПКО) консорциумының араларында келісім-шартқа қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 23 - ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен "Қазақстанның ұлттық электр желісін жаңғыртудың ІІ-ші кезеңі" жобасы аясында "КЕГОК"АҚ-ның Басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиев және оңтүстік Кореяның тарапынан "Hyundai Engineering CO.Ltd", "Hyundai Corporation" компанияларының және "Korea Electric Power Corporation" (КЕПКО) консорциумының араларында келісім-шартқа қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, аталған келісімшартқа сәйкес кореялық 3 компания Ақтөбе аймақаралық электр стансасын, Батыс аймақаралық электр стансасын және Шымкент аймақаралық электр стансасы филиалдарындағы 500 және 220 кВ желісіндегі қосалқы стансаларды жаңғырту жұмыстарын іске асырады.

"Қазақстанның ұлттық электр желісін жаңғыртудың ІІ-ші кезеңі"жобасының жалпы сомасы 52 млрд. теңгені құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық электр желісін жаңғыртудың ІІ-ші кезеңі үш топтама бойынша іске асырылады. Бірінші және үшінші топтама үнділік компаниялармен іске асырылуда. Ал екінші топтаманы бүгінгі келісім-шарт аясында кореялық компаниялар жүзеге асырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны