06.12.2012, 15:35 3042

"KEGOC", "Қазтеңкөлфлот", "Самұрық Энерго" және "ҚазТрансГаз" 2013 жылы "Халықтық ІРО"-ға қатысады

Бұл жөнінде "Халықтық ІРО" бойынша Астанада өткен отырыс кезінде "Самұрық Қазына" ҰИАҚ" АҚ-ның басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді.

Астана. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - 2013 жылы "KEGOC", "Қазтеңкөлфлоты", "Самұрық Энерго" және "ҚазТрангГаз"-ды "Халықтық ІРО"-ға шығару жоспарлануда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жөнінде "Халықтық ІРО" бойынша Астанада өткен отырыс кезінде "Самұрық Қазына" ҰИАҚ" АҚ-ның басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді.

"2013 жылы "Самұрық Қазына" АҚ ІРО-ға "KEGOC", "Қазтеңкөлфлоты", "Самұрық Энерго" және "ҚазТрангГаз"-ды шығаруды жоспарлап отыр. Мерзімі, құрылым мен өзге де мәліметтер кейінірек хабарланады", - деді Шүкеев.

Еске сала кетсек, кеше "ҚазТрансОйл" АҚ-ның "Халықтық ІРО" бойынша өтінімдерді қабылдауы аяқталды. "Самұрық Қазына" 18,6 млрд теңгеге 30 мың өтінім түседі деп күтуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны