05.03.2013, 13:51 2986

"KEGOC", "Самұрық-Энерго" және "ҚазТрансГаз" компаниялары 2013 жылы "Халықтық IPO" бағдарламасына қатысуға дайындалуда

"Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі, "Самұрық-Қазына" қоры және компаниялардың өздері жақын уақытта акцияларды орналастырудың оңтайлы мерзімін, құрылымын және өзге де параметрлерін айқындайтын тиісті жұмыстарды жүргізуде", - деді Е.Досаев.

Астана. 5-наурыз. Kazakhstan Today - 2013 жылы "Халықтық IPO" бағдарламасының қатысушылары "KEGOC", "Самұрық-Энерго" және "ҚазТрансГаз" компаниялары болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ҚР Үкіметі отырысында мәлім етті.

"Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметі, "Самұрық-Қазына" қоры және компаниялардың өздері жақын уақытта акцияларды орналастырудың оңтайлы мерзімін, құрылымын және өзге де параметрлерін айқындайтын тиісті жұмыстарды жүргізуде", - деді Е.Досаев.

Экономика министрлігі басшысы айтып кеткендей, IPO-ға шыққан бірінші эшелон компания "ҚазТрансОйл" АҚ болды. "ҚазТрансОйл" АҚ 28 млрд. теңге сомасына 38,5 қарапайым акцияны орналастыру туралы жариялады, бірақ бұл ретте жеке инвесторлардың сұранысы ұсыныстан екі есе артты.

"Нәтижесінде 34 мыңнан астам Қазақстан азаматы акционер атанды", - деп атап өтті министр.

Қортындылай келіп, ол Мемлекет Басшысының тапсырмасымен "Халықтық IPO" ойдағыдай жүзеге асырылып жатқанын айтты.

ҚР Үкіметі өз алдына "Халықтық IPO" бағдарламасының одан әрі тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін барынша күш жұмсайды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Үкіметі отырысында "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясының 2017 жылға дейінгі сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру мәселелері талқыланған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны