24.11.2006, 11:07 2686

Кейбір екінші деңгейлі банктер мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының шарттарын бұзуда - ҚР қаржы министрі

АСТАНА. 23-қараша. Kazakhstan Today. Кейбір екінші деңгейлі банктер мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының шарттарын бұзуда. Бұл туралы еліміздің қаржы министрі Наталья Коржова кеше өзі басқаратын мекеменің алқа мәжілісі барысында өткізілген баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы аясында берілген барлық ипотекалық несиелер Қазақстанның ипотекалық компаниясына өткерілуге тиіс, алайда, банктер оларды өте құлықсыз өткереді. Өйткені, банктер тарапынан несиені қасақана төлемдік қабілеті төмен адамдарға тарату арқылы мүмкіндікті қалт жібермей тұрғын үй бағдарламасы аясында салынған үйді меншікке алып алу оқиғалары кездескен",- деді Н.Коржова. Соның салдарынан, оның айтуынша, "бюджеттің несиесі есебінен салынған пәтерлердің шынайы қожайыны іс жүзінде дәрігерлер мен мұғалімдер емес, банктер болып шыға келеді".

Осыған байланысты 21-қарашада "Отан" партиясының парламенттік фракциясы шешім қабылдап, үкіметке мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асырылу барысын талдау үшін жұмыс тобын құру туралы нұсқау берді, деді Н.Коржова.

Ол сонымен бірге тағы бір проблеманы атап көрсетті: "несиелер мен бюджет қаржысы бағдарламаны бүкіл Қазақстан аумағында жүзеге асыру үшін таратылғаны белгілі. Ал ең үлкен сұраныс Алматы, Астана және Атырау қалаларында туындады. Бір шаршы метр аумақты екінші нарықтан арзанға сатып алуға мүмкіндік бар, оны 350 долларға сатып алатын ешкім табылмайтын ауылда қазір салынған үйлер иесіз тұр. Ал Астана мен Алматыда осындай үйлер мүлдем жетіспейді".

"Құрылыс кешенінен бастап мемлекеттік процедураларға дейінгі осындай кешенді себептер Астана мен Алматыда пәтер құнының Еуропа астаналарындағы бағамен теңесуіне алып келді",- деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны