18.01.2007, 17:26 2814

Кейінгі екі жылда Қазақстанда жер қойнауын пайдалану жөніндегі 46 лицензия кері қайтарып алынды

АСТАНА. 18-қаңтар. Kazakhstan Today. Кейінгі екі жылда ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі жер қойнауын пайдалану жөніндегі 46 лицензияны кері қайтарып алды. Бұл туралы бүгін ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінде өткен алқа мәжілісінде осы мекеменің басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетов құлағдар етті, деп хабарладйы Kazakhstan Today тілшісі.

"2005-2006-жылдары жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан келісім-шартындағы міндеттемелері мен лизенциялық шарттардың орындалуына жасалған талдау қорытындысы бойынша министрлік 145 ескерту жолдап, 156 лицензия мен келісім-шарттарының жұмысы тоқтатылды, 26 лицензияның күші жойылып, 28 келісім-шарты бұзылды",- деді министр.

Сонымен бірге Бақтықожа Ізмұхамбетовтың айтуынша, 2006-жылғы байқаулардың қорытындысы бойынша, жер қойнауын пайдалануға тиісті келісім-шарттарына қол қойылған жағдайда, "жазылатын бонус" атты бап бойынша бюджетке түсетін түсімдер 690 млн долларды, ал "аймақтардың әлеуметтік дамуы" атты бап бойынша 500 млн долларды, "Астана қоры" атты бап бойынша 120 млн долларды құрауы мүмкін.

Министрдің айтуынша, 2006-жылы ол басқаратын мекеме 111 нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға ашық байқау жариялаған. Соның ішінде көмірсутегі шикізаты бойынша 23 нысанға, қатты пайдалы қазбалар бойынша 64, жер асты сулары бойынша 24 нысанға байқау жарияланған. Байқау қорытындылары бойынша, жер қойнауын пайдалануға 84 нысан, соның ішінде көмірсутегі шикізаты бойынша 21 нысан, қатты пайдалы қазбалар бойынша 50, жер асты сулары бойынша 12 нысанға қатысты жеңімпаздар анықталды. 26 нысанды барлауға, 39 нысанда барлау мен өнім өндіруге, 18 нысанда өнім өндіруге рұқсат берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны