14.09.2015, 17:36 4489

Келесі аптадан бастап тұрғын үйлер теӊгемен саудаланады

Келесі аптадан бастап тұрғын үйлер теӊгемен саудаланады, деп хабарлады Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы кеӊесініӊ төрағасы Айдын Рахымбаев Астанадағы журналистермен кездесу барысында

Астана. 14 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Келесі аптадан бастап тұрғын үйлер теӊгемен саудаланады, деп хабарлады Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы кеӊесініӊ төрағасы Айдын Рахымбаев Астанадағы журналистермен кездесу барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осылайша, бірінші құрылыс нарығында келісімдер теӊгемен жасала бастайды. Тұрғын үйдіӊ бағасыныӊ көтерілуі оныӊ құрылысы барысындағы доллардыӊ үлесіне тәуелді болмақ, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

А.Рахымбаев хабарлағандай, жайлылық-санатындағы тұрғын үй құрылысыныӊ жалпы құнындағы қазақстандық қамту 40% деӊгейінде (цемент, шағыл, кірпіш), 30% - ресейлік жеткізілімдер (шыны, сантехникалық заттар), 30% - алыс шетел (терезе құрамалары, жедел сатылар). Осы ретте үнемдеу-әлеуметтік санаттағы үйлердегі отандық қамтамасыз ету үлесі айтарлық басым, бұл ретте таӊдаулы үйлер санатында долардыӊ үлесі 80%-ға жетеді.

Бұдан басқа, доллармен есептеуде шетелдік сарапшылар тартылады.

"Жақын екі-үш күнде Құрылысшылар қауымдастығыныӊ мүшелері теӊгемен есеп айырысуға көшеді - бұл сатылатын алаӊдар нарығыныӊ шамамен 60%. Біздіӊ ісімізді көптеген әріптестеріміз бен риэлторлар жалғастырады деген үміттеміз. Яғни, мен ірі компанияларды мензеп тұрмын. Бұл жағдай екі-үш күнге созылатын болады", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны