13.10.2008, 17:00 1596

Келесі жылы химия саласына $500 млн көлемінде инвестиция жұмсалады деп күтілуде - Назарбаев

Келесі жылы химия саласына $500 млн көлемінде инвестиция жұмсалады деп күтілуде - Назарбаев

Астана. 13 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Келесі жылы химия саласына $500 млн көлемінде инвестиция жұмсалады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Тек 2009 жылы химия саласына $500 млн көлемінде инвестиция жұмсалады деп күтілуде. Қазір $5 млрд астам нақты инвестициялық ұсыныстар түсіп отыр. Фосфориттер бойынша әлемдік ірі қорға және жеткілікті азоттық тыңайтқыштар қорына ие бола отырып, Қазақстан жаңаша экономика мен жаңаша мүмкіндіктерді аша алады", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны