10.02.2014, 19:10 4277

Кен барлау Қазақстан индустриясын дамыту басымдықтарының бірі болып табылады - С. Ахметов

Жезқазған аймағын дамыту мақсатында үстіміздегі жылы "Қазгеология" АҚ 162 млн. теңге жобалау жұмыстарына бөлінді, жалпы 2020 жылға дейін 25 млрд. теңге бағыттау жоспарланған.

Алматы. 10 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінде өткен сенбіде көшпелі кеңес өткізді.

Кездесуде геология мен жер қойнауын пайдалану саласын дамытудың бірқатар көкейкесті жайлары, соның ішінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған, салаға инвестициялар тарту бойынша тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды.

ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, Президент алға қойған мақсаттарға жету үшін бірқатар, оның ішінде жүйелілік сипаттағы нақты шешімдер қабылдау қажет. Атап айтқанда, алда геологияға қаржылық және технологиялық салымдар тартуды және инвестициялық ахуалды жақсартуды барынша оңайлатуға мүмкіндік беретін, заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар күтіп тұр.

Жыл сайын геология саласын қаржыландыру көлемі артып келеді. Салалық бағдарлама бойынша, 2015-2019 жылдары барлығы республикалық бюджеттен 160 млрд. теңгеден астам көлемде қаржы жұмсау көзделіп отыр.

ҚР ИЖТМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев өз сөзінде кен барлау жұмыстарын жүргізудің негізі өткен жылдардағы қолда бар материалдарды зерделеу болып табылатынын атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Геологиялық мәліметтердің бағасын анықтау мерзімін 240 күннен 1 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік беретін, тарихи шығындарды есептеудің бонитеттік жүйесін енгізу жоспарлануда,-деді ол.

Алдағы 105 табиғат пайдалану нысандары бойынша жүргізілетін конкурстар тарихи шығындарды есептеудің бонитеттік жүйесіне сәйкес өтеді.

Сондай-ақ Б.Нұрабаев "14 ақпаннан бастап одан әрі пайдалы қазбалар анықтамалығын шығарумен жалғасатын, "пайдалы қазбалар апталығын" өткізуді жоспарлап отырғандарын хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, алдымен "алтын апталығы" өтеді. Оған табиғат пайдаланушылар, геологтар және ғалымдар жиналады. Биыл пайдалы қазбалар бойынша 8 анықтамалық шығару көзделіп отыр".

"Қазгеология" АҚ басқарма төрағасы Ғалым Нұржановтың айтуынша, геологиялық барлау жұмыстарына шетел инвестицияларын тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Олардың ішінде "Rio Tinto", "Kores", "Iluka", "JOGMEC" сияқты ірі инвесторлар бар. Бұдан басқа, осы кезде Германия мен Канадалық инвесторларымен әріптестік жөніндегі мәселе пысықталуда.

Жезқазған аймағын дамыту мақсатында үстіміздегі жылы "Қазгеология" АҚ 162 млн. теңге жобалау жұмыстарына бөлінді, жалпы 2020 жылға дейін 25 млрд. теңге бағыттау жоспарланған.

Өз баяндамасында, Жер туралы ғылымдар Орталығының директоры Асқар Мұнара, "Назарбаев Университеті" БАҰ-мен бірлесіп геологиялық зерттеу Орталығын құру бойынша жұмыстардың жалғасып жатқанын атап өтті. Шеберлік жоспары дайындалды, қазір ТЭН жасалуда. Орталықтың құрылысы 2014 жылдың қырқүйегінде басталатын болады. ГЗО құрылысын қаржыландыру Назарбаев Университеті есебінен атқарылса, жабдықтар "Қазгеология" АҚ-нан.

Кеңес қортындысында, ҚР Премьер-Министрі Мемлекет басшысының биылғы халыққа Жолдауында алға қойған мақсаттарға тиімділікпен қол жеткізу жөніндегі ИЖТМ-нің атқаратын түйінді міндетін атап көрсетті. Серік Ахметов кен барлау жұмысы Қазақстан индустриясын дамыту басымдықтарының бірі болып табылатынын айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны