23.09.2016, 11:44 5566

Кентау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарына 2016 жылға облыстық бюджеттен 2 609,7 млн. теӊге қарастырылды

2015 жылы газ құбырларын жүргізуге республикалық және облыстық бюджет есебінен 1000,0 млн. теӊге қаралған.

Кентау. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Кентау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарына 2016 жылға облыстық бюджеттен 2 609,7 млн. теӊге қарастырылды. Бұл туралы Кентау қаласыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардыӊ орындалуы және ағымдағы жыл жетістіктері бойынша облыстық әкімдікке жолдаған ақпаратында Кентау қаласы әкімініӊ орынбасары Рашид Мыӊбаев баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Кентау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында "Бейнеу-Шымкент" магистралды газ құбырыныӊ 1230 шақырымында Үлгілі елді мекені арқылы өтетін АГТС-тан, Кентау қаласына дейін таратушы газ құбырын және №14 "Қызыл әскер" АГТС салу" нысаныныӊ жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, жалпы сметалық құны 4 049,8 млрд. теӊге құрады",-деді Р.Мыӊбаев.

Оныӊ айтуынша, 2015 жылы газ құбырларын жүргізуге республикалық және облыстық бюджет есебінен 1000,0 млн. теӊге қаралған.

"Ал 2016 жылға аталған жұмыстарға облыстық бюджеттен 2609,7 млн. теӊге қарастырылып, құрылыс монтаж жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. 7 ай қорытындысына сәйкес, 2016 жылы 1 559,3 млн. теӊге игерілген",- деді ол.

Кентау қаласына қарасты Бүргем елді мекенін және Хантағы ауылын газбен қамтамасыз ету құрылыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге 18,0 млн теӊге қаралды,- деді ол.

Сондай-ақ, Кентау қаласы әкімініӊ орынбасары ортаға салған ақпаратқа сәйкес, ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 2016 жылға Ащысай ауылыныӊ су құбырын орташа жөндеу жұмыстарына 29,5 млн. теӊге қарастырылып, нәтижесінде ауыл тұрғындарын 24 сағат ауыз сумен қамту көзделуде.

Бұған қоса, Қарнақ ауылыныӊ су өткізгіш тораптарыныӊ құрылысына 200,0 млн. теӊге қарастырылып, 7 айдыӊ қорытындысымен 99,5 млн. теӊгесі игеріліп, 40,2 шақырым ауыз су құбыры тартылды. Нысан 2017-2018 жылдарға өтпелі болып табылады.

Оныӊ айтуынша, "Кентау қаласындағы су құбырлары жүйесін қайта құру" нысаны бойынша І-ІІ кезеӊ жұмыстары аяқталып, ІІІ кезеӊ жұмыстарыныӊ сметалық құны 1145,235 млн. теӊгені құрап, құрылыс жұмыстарын "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 2017-2019 жылдары жүргізу жоспарланған.

"Автокөлік жолдарына келсек, Кентау қаласы мен ауылдарда жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарыныӊ ұзындығы 261 шақырым. Аудандық маӊызы бар жолдардыӊ ұзындығы 14,95 шақырым, елді мекен көшелері 246,05 шақырымды құрайды,- дейді Р.Мыӊбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны