30.09.2016, 11:16 16960

Кентау қаласыныӊ әкімі "Қызыл ата" кен өндіру орнында болып қайтты

Кентау қаласыныӊ әкімі Ибдібақыт Мақұлбаев пен кен өндіру ісініӊ мамандары "Қызыл ата" кен өндіру орнында болып, ондағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып қайтты, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Шымкент. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Кентау қаласыныӊ әкімі Ибдібақыт Мақұлбаев пен кен өндіру ісініӊ мамандары "Қызыл ата" кен өндіру орнында болып, ондағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып қайтты, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Тынымсыз жүріп жатқан жұмыстардыӊ барлығын аралап көрген қала басшысы қолға алынған игі іске көӊілі толды. Кен барлау жұмыстарыныӊ алғашқы нәтижелері көӊіл қуантарлық. Өйткені мыс, темір рудалары шығып жатыр. Қазіргі таӊда кен орнында бұрғылау жұмыстары жалғасуда.

"Қызыл ата" кен өндіру жұмыстарын қолға алған "Айқараауыл" таукен компаниясы жұмысты тиісті деӊгейде жүргізіп отыр. Бүгінгі таӊда кен өндіру орнында 25 адам тұрақты жұмыс атқаруда. Қажетті техникалық жабдықтармен және көлік құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта жұмыс көлемі ұлғайып, жұмыспен қамтылатын адамдар саны да артпақ. Қалада кен өндіру жұмыстары қайта қолға алынды. Бұл өз кезінде қаланыӊ экономикалық дамуына серпіліс беріп, жұмыссыздар саны төмендейтіні анық.

Анықтамалық ақпарат: Кентау қаласы 1955 жылы тамыз айында құрылды. Қаланы бұрынғы атауы немесе қала құрылардағы елді мекенніӊ атауы Мырғалымсай болатын. Мырғалымсай деген кен орны да бар. Кентау қаласын құрудағы мақсат Ащысай полиметалл кенішін байыту жұмыстары болатын. Қалаға Кентау атауын берген адам - Мұхтар Иуезов. Кентау облыс орталығы - Шымкент қаласынан 260 шақырым жерде орналасқан. Түркістан қаласымен арадағы қашықтық 30 шақырымды құрайды. Кентау Қаратаудыӊ етегінде орналасқан қала. Кентау қаласы "Қаратау тәжі (корона)" және "Қазақстанныӊ жасыл-желекті қаласы" деген аттарға ие. Қазіргі кезде Кентау қаласында 4 ауылдық округ, 7 елді мекен бар. Қала халқыныӊ саны (ауылдық округтермен қоса) 88 мыӊ адамды құрайды. Халықтыӊ ұлттық құрамы: қазақтар 65,7%, өзбектер 25,2%, орыстар 5,4%, басқа ұлттар 3,7%. Қала алғаш құрылған кезде орыстар көптеп көшіп келді. Олардан бөлек, гректер, немістер, корейлер, шешендер де көшіп келді. Олар, негізінен, қуғынға ұшырағандардыӊ туыстары мен арттарында қалған үрім-бұтақтары болатын.

Кентау қаласында аты КСРО-ға әйгілі болған тау-кен орындары, трансформатор зауыты, экскаватор зауыты құрылды. Алайда, XX ғарыдыӊ 80-90 жылдарындағы өндіріс ошақтары мен жұмыс орындарыныӊ жабылуы қала халқыныӊ әлеуметтік тұрмысына ауыр соққы болды. Кейіннен қайта іске қосылған экскаватор зауытыныӊ күші Кеӊестік уақыттағыдай жоғары деӊгейге жете алмады. Кентау - Қазақстандағы машина жасау, металл өӊдеу және тау-кен өнеркәсібі орталықтарыныӊ бірі. Қала экономикасындағы ірі кәсіпорындар: "Трансформатор зауыты" ААҚ - еліміздегі трансформатор жасайтын жалғыз зауыт,"Экскаватор" ААҚ - металл өӊдеп, машина жасайды. Барит өнімдерін, түсті металл концентраттарын өндіретін "Оӊтүстік түстіметалл" ЖАҚ-қа Кентау байыту фабрикасы, Ащысай металлургия цехы, темір жол цехы кіреді. Мақта-мата өнімдерін шығарады. "Табыс" акционерлік қоғамы, "Эластополимет" ЖАҚ резина-техникалық бұйымдарын, "Ерден-нан" ААҚ-нан, тоқаш, кондитерлік бұйымдарын шығарады. Жалпы өнім жиынтығында өнеркәсіп үлесі 55%-ды (түсті металлургия - 28,8%, электр қондырғыларын шығару - 28,5%, машина жасау - 11,9%) құрайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны